Приветствую ВасГость
Сайты кім алад айтындар тегін берем
Последние ответы форума
Тема Дата, Время АвторРаздел
фыа 27.08.2010, 12:41 Batman ddddddddddddddd
Оқу
ывфыв 27.08.2010, 12:41 Batman ddddddddddddddd
Оқу
вфывфы 27.08.2010, 12:41 Batman ddddddddddddddd
Оқу
dsad 27.08.2010, 12:40 Batman ddddddddddddddd
Оқу
asd 27.08.2010, 12:17 Batman ddddddddddddddd
Оқу
dasda 27.08.2010, 12:16 Batman ddddddddddddddd
Оқу
dsadasd 16.08.2010, 13:47 Batman ddddddddddddddd
Оқу
asdasdas 16.08.2010, 13:47 Batman ddddddddddddddd
Оқу
вфыв 18.04.2024, 04:46 rabotampru ddddddddddddddd
Оқу
Главная » Файлы » Сұхбаттар

Жүсіп Ақшораев: Заман түзелсе, жаман да түзелер еді
16.06.2010, 09:50
адамдарға болсын, ешқашан бір-біріне қас болмау керек, керісінше, бір-біріне адал дос, жолдас, бауыр бола білу қажет. Аллаһ Тағала мынау жарық дүниедегі әр адамның орнын ерекше етіп жаратқан. Адам - адамға қонақ болатын болса, ал адам осынау өмірге келген қонақ. Мысалы, мен өмірде бір көрген адамымды мәңгі бақи көрмей кетуім мүмкін! Тіпті бір көрген адамымды көп болса, он рет немесе, жиырма рет қана көруім мүмкін ғой! Сондықтан да, өмірде, тіршілкте бір-бірімізді сыйлап жүргенге не жетсін?!

-Өзіңіздің ішкі ой-түкпіріңізде жатқан, сізді мазалайтын қандай да бір қоғамдық мәселе бар ма?

-Әркімді әр түрлі мәселе мазалайды ғой. Қоғам өмірінде бізге қазір не жетпейді? Қазір бізге ақша жетпейді. Бізге жеткен ақша қарапайым халыққа жетпейді. Мысалы, еліміздегі қарапайым халықтың орташа бір айлығы елу мың теңгені құрайды. Осы елу мың теңге ақшаны мен бір отбасына бір айға жететін сома деп ойламаймын. Қарап тұрсақ, біздің дәрігерлердің, театр актерлерінің, жалпы бюджет саласында қызмет атқаратын халықтың айлықлық жалақылары өте аз. Мұғалімнің де айлығы аз. Үйін жылытатын көмірі болмай, бала-шағасына ақша жетпей жатса, ол мұғалім мектепте балаларға қалайша рахаттанып сабақ өткізсін? Үйінде жағдайы болмағасын ол мұғалім сабақ үстінде де үйінің жағдайын ойлап отырады. Жүйкесі тозып отырады. Сонда ол балаға қалай білім үйретеді? «Ораза-намаз тоқтықта»-дегендей, алған айлығы шайлығына жетпей жатса, одан не білім күтуге болады? Мысалы, орта есеппен алсақ, еден жуушылардың алатын айлығы он алты мың теңге дейік. Ал енді осыны бір айға есептеп көрелік. Мысалы, он алты мың теңгенің он мыңы 30 күндік жолақыңа жете ме? Жетпейді. Бір айлық тамаққа жете ме? Жетпейді. Сонда есептей беріңіз айналдырған он алты мың айлық неменеге жетеді? Адам тұмауратқанда дәрі алмай ма? Оның үйіне қонақ келмей ме? Ол бала-шағасын киіндірмей ме? Баласын оқуға оқытпай ма? Ал соның бәріне сол он алты мың теңге жете ме? Сонда біздің еліміздің Үкімет басындағылар айлықты бөлгенде қалай есептеп бөлетіндерін мен түсінбеймін. Осы он алты мың теңге «бір айға жетеді» деп бөліп берді ме? Ал олардың өздері бір айға қанша жалақы алады екен? Өздері де ай сайынғы айлыққа осы он алты мың теңге ақша ала ма? Жо-оқ! Олар жүз мың теңгені бір-ақ күнде жарата салады. «Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды»-демекші, өзінің қарны тоқ, жағдайы жақсы адам- жағдайы жоқ адамды да оның жағдайы өте жақсы деп ойлайды! Себебі, олар: «Өзімізге жетіп жүр ғой, сол сияқты бәріне де жетеді» -деп есептейді. Қарапайым халықтың қарымы ауыр қара жұмысы үшін, он алты мың теңге айлық бөліп отырып, олардың бәрі ақшаны өздері сияқты жүз мыңдап жаратады деп ойлайтын шығар? Мінекей, осы мәселе мені қатты мазалайды. Заман түзелсе, жаман да түзелер еді. Барлық адамдардың ақшасы жетіп, өзімен-өзі жақсы өмір сүретін болса, бізде мәдениет те, білім де өзінен-өзі жақсаратын еді. Ал Үкімет: «Ақшаны көбейтеміз-көбейтеміз»- дейді. Бірақ, оны көбейткенмен, ел ішіндегі нарық қымбаттап сала береді. Сосын, титықтатып көбейткен аз-маз ақша тағы да ештеңеге жетпейді! Сондай-ақ, менің түсінбейтінім- біздің Үкімет бір тауықты ұрлаған адамды соттайды, ал елімізді миллиардтап, миллиондап жеп жатқандар елден қашып кетіп, бос жүреді. Өте күлкілі жағдай емес пе?! Ал менің тілегім- жоғары жақта, ел басшылығында отырған әрбір адам өзінің туған жерін ойлап, еліне-халқына шын жүректен жанашыр болса екен деймін. Аллаһ Тағала халқымызға зор денсаулық беріп, қарапайым адамдардың ақшасы көп болса екен деймін!

-«Жұлдызбен сырласу» журналына тілегіңіз қандай?

-Журнал ұжымына шығармашылық мол табыстар, жақсылық, бақыт тілеймін! Журналдарыңыз жылдан-жылға жаңарып, есейіп, үлкен-үлкен қуанышты дүниелер жаза берулеріңізге тілектеспін!

- Жүсіп аға, әрқашанда аман-есен, бақытты, бақуатты азамат болып жүре беріңіз!Өнеріңіз бүгінгі асқақ биігінен ешқашан құлдырамасын!


Әңгімелескен: Құлпынай Ниязбекова

«Жұлдызбен сырласу» журналынан
Категория: Сұхбаттар | Добавил: Batman
Просмотров: 1356 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:

сайт топтары
Сұхбаттар [10]
Клиптер [0]
Әндер [0]
Ән жазулары [0]
кинолар [0]
Жаңалықтар [1]
Біздің чат
Біздің сұрақ
Сізге қандай сайт ұнайды
Всего ответов: 163
Санақ

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0