Приветствую ВасГость
Сайты кім алад айтындар тегін берем
Последние ответы форума
Тема Дата, Время АвторРаздел
фыа 27.08.2010, 12:41 Batman ddddddddddddddd
Оқу
ывфыв 27.08.2010, 12:41 Batman ddddddddddddddd
Оқу
вфывфы 27.08.2010, 12:41 Batman ddddddddddddddd
Оқу
dsad 27.08.2010, 12:40 Batman ddddddddddddddd
Оқу
asd 27.08.2010, 12:17 Batman ddddddddddddddd
Оқу
dasda 27.08.2010, 12:16 Batman ddddddddddddddd
Оқу
dsadasd 16.08.2010, 13:47 Batman ddddddddddddddd
Оқу
asdasdas 16.08.2010, 13:47 Batman ddddddddddddddd
Оқу
вфыв 24.04.2024, 15:23 rabotampru ddddddddddddddd
Оқу
Главная » Файлы » Сұхбаттар

Сәкен МАЙҒАЗИЕВ: «МЕН АКТЕР ЕМЕСПІН, МЕН ЛИРИКПІН…»
16.06.2010, 08:37
(94.96 Kb, 201x285)-Бұл ұсынысты Мейрамбек екеумізге осы жобаның продюсері Динара Адам жасады. Алғашында біз екеуміз де «шықпаймыз» деп, қарсы болғанбыз. Өйткені, біріншіден, біздің жұмысымыздың көптігін айттық. Екіншіден, халықтың өзінің бізге деген сүйіспеншілігі, махаббаты бар, бізге жарнаманың керегі жоқ деп айтқанымызда, олар ренішін білдірді. «Осы қазақтың әншілеріне келгенде осылай бастайсыңдар, бізде шоу-бизнес дамымайды дейсіңдер, сөйтесіңдер де артқа қарай тартасыңдар», деп наз айтқаннан кейін, біз шын мәнінде «неге қатысып көрмеске?» деп тәуекел еттік. Бірақ қайта-қайта жұмыс істеп жатқан жерімізге келіп, міне, осындай жоба болады, ұят болмайды, түсірілім болады, қаншама ауылдағы, елді-мекендердегі, шалғайдағы, сіздерді теледидардан көргісі келетін адамдар көреді дегеннен кейін, «неге халық бізді тек қана «МузАРТтың» концертінен және тойдан ғана көру керек?» деген ой бізді де мазалады, сөйтіп қатыстық. Біріншіден, біз жанкүйерлеріміз үшін қатыстық деп айтсам да болады, өйткені қаншама жанкүйерлеріміз бізді көргісі келеді, оның үстіне «Қазақстан» телеарнасы ұлттық арна болғаннан кейін, еліміздің түкпір-түкпіріне тарайды. Басқа телеарналардың мүмкіншілігі шектеулі ғой, біздің бейнебаяндарымызды тек ірі-ірі қалаларда ғана көре алады да, ауылдағы адамдар көре алмай қалатын жағдайлар бар. Сондықтан, мейлінше, халықтың назарында жүрсек деген де ой болды. Тіпті, неге «Алматы моя первая любовь» деген сияқты басқа да бағдарламаларда тек қана басқа тілді адамдар қатысу керек, біз неге сондай бағдарламаларда жоқпыз деп, өзімізді-өзіміз қамшыладық. Меніңше, бастамасы жаман емес сияқты. Бірақ, «біткен іске сыншы көп» дегендей, қазір сыншылар көбейіп кетті ғой. Біреулер сынап, неше түрлі әңгіме айтады. Бір сөзбен айтқанда, журналистерді былай қойғанда, әсіресе, сырттан сынап, көлеңкеде отырып алып әңгіме айта беретін адам - «өзім қазаққа не істеп жатырмын?» деген сұрақты өз-өзіне қойса, сезінсе деймін. Соны қайталап жатыр дейді, ал соны қайталамас үшін не істеу керек? Соның жолын іздесе, сол ұсынысын әкеліп айтса. Мысалы, «Дарабоз» «Дудар-ай», «Сегіз қырлы» деген сияқты жап-жақсы ұлттық нақыштағы бағдарламалар болып жатыр.

-Әйгерім Жаңылбаевамен бірге ән айтатыныңызды алдын-ала білдіңіз бе?

-Жоқ, мен білген жоқпын. Жалпы жобаның қалай болатынын, сахнаға шығуым, тұрысым, қойылымды, билеу, сондайдың барлығын мен тіпті көз алдыма елестетіп те көрген жоқпын. Бірақ, ұйымдастырушылар басында мені Венера Нигматулинамен жұптаған екен. Кейіннен, Венера қатыспайтын болып шықты. Сосын, ұйымдастырушылар маған « сіз Әйгерім Жаңылбаева деген актрисамен шығасыз» деді. Ал Әйгерім болса бүгінде «Ағайынды» фильмі арқылы кең халыққа танылған дарынды актриса, оның үстіне Әйгерім біздің «Не деген көркем едің» атты әніміздің бейнебаянына да түскен. Қазақтың сүйкімді, қарапайым, көркем мінезді қызы деп айтсам болады. Өзі де мойындайды, «Көбіне жағымсыз кейіпкер ретінде, жаман келіншектің рөлін сомдағаннан кейін, мені халық онша ұнатпайтын шығар» дейді. Ал мен оны жұбатып: «Сенің кинода сомдаған кейіпкеріңнің мінезін көрерменге жеткізе білгенің, оған халықты сендіре білгенің- бұл сенің актерлық шеберлігіңнің мықты болғандығы» деймін. Сол айтпақшы, біздің қазақтың жігіттерінің құлағына алтын сырға- Әйгерім өмірде сондай жаны таза, көргенді, инабатты, ақкөңіл, өте жақсы қыз. Енді әрине, оның әншілік орындаушылық шеберлігі жоғары деңгейде болғанда, аталмыш жобада маған да репертуар таңдау жағынан көптеген жеңілдіктер болар еді. Атап айтар болсам, маған ұнайтын кең диапазонды Бақытжан Қажымұқановтың, Силин Дионның,Стиви Уандердің әндері бар. Сол әндерді айтайын десем, оған Әйгерімнің дауысы келмейді. Сондықтан да, бірге таңдаған әніміздің Әйгерімнің дауысына келуіне баса назар аударамын.

-Ал қазір Әйгерімнің ән салғанына қаншалықты көңіліңіз толады?

-Жайлап өсіп келе жатыр десем болады. Бұрын мүлдем тыңдау қабілеті жоқ болған. Менің бір риза болатыным, Әйгерім жігерлі, қайтпас қайсар, алға қарай құлшынысы, ізденімпаздығы өте жоғары жан екен.. «Жоқ, болды, мен айта алмаймын» дегені жоқ. Бір сөзбен айтқанда, өсу бар. Мен ойлайтынмын, егер Аллаһ Тағала тыңдаушылық қабілетті бермесе, ешкімге зорлап үйрете алмайсың ғой, мысалы мен қанша жерден поэзияны сүйіп оқып, бағалағаныммен, өлең шығара алмаймын, мені «ақын қыла алмайсың» деген сияқты ғой. Жалпы, Әйгерімнің тыңдайтын әндерінің талғамы өте жоғары. Алайда, орындаушылық қабілеті жоқ, бірақ әйтеуір жоқтан бар жасап жатқанына қуанамын.

-Есесіне, өзіңіздің актерлық шеберлігіңіз шыңдалып келе жатқан сияқты…?

-Мен өнер академиясын тәмамдадым, эстрада-цирк колледжін оқып бітірдім. Ол жерлерде актерлық шеберлік деген сабақ өтеді, бірақ, сол маған сіңбей-ақ қойды. Ақындық сияқты ол да маған сіңбейді. Керек болса мен балалар мен жасөспірімдер театрында Досхан ағамыздың шақыртуымен Сансызбайдың рөлін сомдағанмын. Сол кезде,Төлегеннің арияларын сахнаның сыртында тұрып орындағанмын. Мен актер емеспін. Мен тіпті анекдот айтып та жұртты күлдіре алмаймын. Мен - лирикпін. Мысалы, маған екінші айналымдағы «Қызметтестер хикаясынан» қойған қойылымдағы өзімнің образым ұнаған жоқ. Енді, «искусство требует жертв» демекші, мен өз-өзімді мәжбүрледім, амал жоқ, сахна болғаннан кейін, артқа қарай шегіне алмайтындықтан, тек қана алға қарай қадам жасап көруге тура келді.

-Ал айтатын әндеріңізді, образдарды көбіне кім таңдайды?

- Репертуар таңдау жағынан келген кезде қиналамыз. Мен өзіме ыңғайлап, вокалымды көрсету үшін, былайша айтқанда Әйгерімді белден баса беретін болсам, онда бізде мұндай дуэт мүлдем шықпаған болар еді. Мен өзімді көрсетіп қуып кетсем, Әйгерім мүлдем қалып қойған болар еді. Сондықтан, мырзалық танытуға тура келеді.

-Ал киім жағынан..?.

- Жоба ұйымдастырушылардың жобаға арнайы әкеліп қойған дизайнер қыздары бар, солармен кеңесе отырып жұмыс істейміз. Бірақ олар маған киінуді үйретті деп айта алмаймын, өйткені өзімнің де талғамым бар, өзімнің де көзім бар, киіну стилін өзім да сезіне білемін. Сол сияқты, киімнің де - әнге байланысты бір-біріне үндестігін есептеп, мән береміз.

-Алдыңғы айналымдардағы әділ қазылардың қойған бағалары қаншалықты әділ деп ойлайсыз?

-Енді оған ренжуге болмайды, ол кісілерді де түсінуге болады. Мен өз басым кез келген қазылар алқасының орнында болғанымды қаламас едім. Өйткені, оларға - жеті жұп қатысатын болса, 7 мен 1 дейінгі бағаны бәріне қойып шығу керек деген сияқты өздерінің талап-тілектері бар. Сол жағынан қиын. Олардың еңбегіне көңіл бөліпіп,анадай образдан мынандай образ алып шықты, өмірі ойнамаған рөлін ойнап шықты, өнер үшін осындай мәжбүрлікке барды деген сияқты бағалау жағынан кемшілік тұстары бар. Ешқайсысына ренжуге менің құқым жоқ деп білемін. Қазылардың бағасы соңғы нүкте емес екенін ескеруіміз керек.

-Ал жалпы осы жоба көңіліңізден шығып жатыр ма?

-Иә, шоу көңілімнен шығып жатыр. Себебі, біраз ізденіс бар, әйтеуір халықтың да күтетін қуанышты жағдайлары бар, ауылдан да телефон соғып, хабарласып жатыр. Бірақ, өзге стильді жаңартып шыққан формамызға қарап, бізді түсінбей жатқандар да бар. Шынында да,кейбір «сыншыларымыз»түртпектей бермей бұл бағдарламаның шоу , халықтың көңілін көтеру мақсатында болып жатқан шара деп түсінсе деймін .Ұйықтап,шаршап жүрген халықтың көңілі көтеріліп қалған жоқ па?. Әсіресе, кешке дейін қайдағы бір ұрыс-керісі көп сериалдарды көргенше, «Екі жұлдыз» сияқты жобаларды көрсе, ауылдағы ағайынның көңілі көтеріліп қалмай ма!

-Аталмыш шоудың екінші айналымында әнге байланысты «Қызметтестер хикаясы» фильмінен үзінді ретінде қойған қойылымдарыңыздың , шынайы болғандығы соншалықты, оны көрген көрерменнің көкейінде: «Сәкен Әйгерімге ғашық-ау деймін» деген сияқты пікірлер бар. Осыған не айтасыз?

-Жұртты сондай сендіретіндей жағдай болып жатса, онда біздің дуэтіміздің сәтті шығып жатқандығы деп ойлаймын. Ал бірақ, «Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу» демекші, менің жеке өмірімде өзіме қымбат отбасым, сүйікті жарым, балам бар екенін халық біледі. Ал, Әйгерім «Екі жұлдызда» менің жұбым болғанымен, шын өмірде мен оны өзімнің қарындасым ретінде құрметтеймін.

-«Екі жұлдыз» жобасында намысты қолдан бермей, финалға дейін жетсеңіздер, сіздердің ұтатын жүлделеріңіз қандай?

-Ол жағын білмеймін. Бұл жанкүйерлердің бізді қамшылағаны, олардың сенімін ақтауға ғана жұмсалып жатқан күш. Ал былайша, «бірінші орын ала қояйын, немесе қандай сыйлық екен» деген сияқты алдымызға тұтқан ештеңе жоқ. Біздің ойымыз, тек қана халықтың көңілін көтеру.

-Жақында, «МузАРТ» ансамбілі және «Каспий» тобы бірлесіп Республика сарайында концерт қойдыңыздар. Концерт бір-ақ күн болды. Көптеген тыңдармандарыңыз концерттеріңізге кіретін билет таппай, сабылып жүрді. Неге концертті тағы бір-екі күнге созбадыңыздар?

-Алдында, ондай ой болды. Бірақ, «МузАРТ» үш концерт қойды, біз десе халық келе береді» деген сияқты өз-өзімізге сенімділік болып кетпесін деген ой болды. Концерт берсек те, мәнді, сәнді, дәмді бір концерт берейік деп ойладық. Бірақ, адамның соншалықты көп болып кететінін білмедік. Сондай-ақ , менің көрерменге деген аздап өкпем де бар. Оның себебі, біздің көрерменіміздің - концерт жақындағанға дейін, концертке кіру билетін алмай, отыра беретін бейқамдығы бар. «Ой, барып сол жерден ала саламыз ғой» дейтіні де бар. Ал, алып сатарлар осыны пайдаланып, 5-6 мың теңгенің билетін 20-25 мыңға бірақ көтеріп сатады екен! Мұны айтып отырған себебім, жақында «Каспий» тобымен өткізген концертімізге келген ағайынға кассада билетті мүлдем жоқ деп жауап беріп,сатпаған. Ал билеттер алыпсатарлардың қолында болған. Мысалы, «МузАРТтың» концертіне Шымкенттен келген бір ағайынымыз, жүз мың теңгеге төрт билет сатып алған. Бұл деген алыпсатарлардың тарапынан халықты қанаушылық емес пе! Бұл деген тіпті Аллаһты танымаумен тең, иманнан жұрдай болғандығы. Алып сатқанда да бір жобасы болады ғой, бірге бір деген сияқты, енді мынау екі мың теңге мен алты мың теңгенің арасындағы билетті осындай бағада сату - үлкен күнәлардың бірі деп есептеймін, ұят нәрсе…

-Домбырада, гитарада немесе тағы басқа сондай музыкалық аспаптарда өзіңіз ойнап тұрып ән айтқаныңызды халық қашан тамашалай алады?

- Мен өзім гитарада да, домбырада да ойнай аламын. Алдағы уақытта гитарада ойнап шығуым мүмкін, бірақ енді үшеуміз үштік болып құрылғаннан кейін, мен осындай бір гитарист болып кетемін деп айта алмаймын. Кәсіби деңгейде Болаттар сияқты ойнай алмаймын, бірақ өз-өзімді сүйемілдей алатын жағдайым бар. Болашақта, бір концерттерде жасауым мүмкін. Бәрі де болашақтың еншісінде.

-Жеке ән жинағыңызды шығару жоспарда бар ма?

-Аллаһ біледі, дәл осы уақытта шығады деп айта алмаймын, бірақ жоспарда бар.

-Ал репертуарыңызда жеке орындауда неше ән бар?

-Жеке орындауымда оншақты ән бар. Тағы да біраз әндер жаздырып, жиырма шақты әнге толған кезде, үнтаспа шығарармын.

-Ал дуэт болып тағы да кіммен ән айту ойыңызда бар?

- Бүгінге дейін Алтынаймен, Шамшынаһармен бірге ән айтып шықтым. Бірақ, осы Шамшынаһармен бірге орындаған Арман Дүйсеновтың «Сен едің» деген әнін қайтадан өңдеп, Маржан Арапбаевамен жаздырдым. Өйткені Шамшынаһар дін жолына бет бұрғаннан кейін, сахнаны біржолата қойды. Алайда, Маржан Арапбаевамен жазған дуэтім сәтті болды деп ойлаймын. Себебі, қаншама тыңдаған адамдардың, жалпы көпшіліктің көңілінен шығып жатыр, соның ішінде жастардың да. Маржанның да, менің де көңілімнен шықты. Болашақта басқа да әндер жаздыру Маржан екеуміздің ойымызда бар.

-Халыққа, көрерменге айтар сөзіңіз, пікіріңіз, тілегіңіз бар ма?

-АЛЛАҺ тағала елімізге бейбітшілік берсін. Баршамыздың көңілімізден бірдей шығатын бағдарламалар көп болсын!


Сұхбаттасқан: Салтанат Құмабекова


«Жұлдызбен сұхбат» журналынан
Категория: Сұхбаттар | Добавил: Batman
Просмотров: 1788 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:

сайт топтары
Сұхбаттар [10]
Клиптер [0]
Әндер [0]
Ән жазулары [0]
кинолар [0]
Жаңалықтар [1]
Біздің чат
Біздің сұрақ
Сізге қандай сайт ұнайды
Всего ответов: 163
Санақ

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0