Приветствую ВасГость
Сайты кім алад айтындар тегін берем
Последние ответы форума
Тема Дата, Время АвторРаздел
фыа 27.08.2010, 12:41 Batman ddddddddddddddd
Оқу
ывфыв 27.08.2010, 12:41 Batman ddddddddddddddd
Оқу
вфывфы 27.08.2010, 12:41 Batman ddddddddddddddd
Оқу
dsad 27.08.2010, 12:40 Batman ddddddddddddddd
Оқу
asd 27.08.2010, 12:17 Batman ddddddddddddddd
Оқу
dasda 27.08.2010, 12:16 Batman ddddddddddddddd
Оқу
dsadasd 16.08.2010, 13:47 Batman ddddddddddddddd
Оқу
asdasdas 16.08.2010, 13:47 Batman ddddddddddddddd
Оқу
вфыв 28.03.2024, 16:26 rabotampru ddddddddddddddd
Оқу
Главная » Файлы » Сұхбаттар

НҰРЖАН ТӨЛЕНДИЕВ,актер: Кім қанша күйе жақса да, мен сол Нұржан болып қала беремін!
16.06.2010, 10:00


Шыны керек, Нұржанды «ұстау» қиынның қиыны екен. Әуелі «Жұлдыздар отбасының» «Тікелей байланыс» айдарына шақырылған ол шығармашылық сапарынан дер кезінде келіп үлгермеді. Сосын оқырмандардың көкейінде жүрген сауалдардың жауабын актердің өзімен жүзбе-жүз сұхбат барысында алармыз деп ұйғардық. Сонда да Нұржанмен жолығудың еш сәті түспей қойды. Бірде Шымкентте, бірде жолда… Ақырында Алматының орталық мешітінде кездестік.


Масқара болған түгім жоқ!


- Мешітті айналшықтап жүруіңізде бір гәп бар ма екен…

- «Қай күнәңізді жуғалы жүрсіз?» демексіз ғой. Өзіңіз де мұсылманның қызысыз. Басқаны білмесеңіз де, мешітке адамның не үшін келетінін білетін шығарсыз?! Шымкенттен келе сала осында бас сұғып, дұға етіп шыққан бетім осы.

- Кешіріңіз, онда әңгімені астарламай, тікелей көкейдегі сұрақтан бастайын. Ел «Нұржан істі бопты» деп шулап жүр. Абыройыңыз артып, атыңыз шыққан шағыңыздағы бұл «масқараны» қалай түсінсек болады?

- Қайсы масқараны? Менде сіз айтқандай «масқара» болған лақап сөздер көп қой. Оған етім үйреніп қалған. Қайсысынан бастайын?

- Сіз қайсысын айтқыңыз келіп тұр?

- Шынымды айтсам, қай сұрағыңыздың да тас-талқанын шығаруға тастүйін дайын отырмын. Қадыр ағамыз күйіп кеткеннен болса керек: «Халқымның қолтығына қыстырған градуснигімін», - депті ғой. Сол сияқты, «елге ойыншық болдым-ау» деп қалам кейде… «Жуас түйе жүндеуге жақсы» деп, әйтеуір келсін-келмесін, тырнақ астынан кір іздеп, сәл сүрініп кеткеніңді көрсе, бітті, «құйындата» жөнеледі. «Ақтырналар» Нұржанды тоғыз жерінен атып, он жерінен пышақтапты. Байғұс қансыраған күйінде ауруханаға жеткізіліпті… Бет-аузы бұзылып, сахнаға шыға алмай қалыпты» деген сияқты қырғын әңгімелер болды. Бүкіл ел телефоныма хабарласып, «Нұреке, қай ауруханада жатырсыз? Сізге қандай ас ішуге болады, қайсысы болмайды? Не алып барайық?» деп тыныштық бермеген соң, содан арылайын деп, «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының бір бағдарламасына шықтым. Студияда сұхбат бергенде жұмсақ диванның бір жағына қарай сәл жантайыңқырап отырсам керек… Оны көрген жұрт «Ойбай, оқ Нұржанның оң иығынан тиген бе, әйтеуір оң қолын жасырып отырды» деп шығарды.

Елге, ел ішін кезген жел сөзге дауа жоқ. Сіздің сұрай алмай отырғаныңыз да осының бір түрі ғой. «Нұржан істі болып, қолына кісен салынып, сотталып, түрмеге түсіпті. Қарызға батып қапты, сөйтіп, күйікке шыдай алмай өзіне-өзі қол жұмсапты. Шашын тықырлатып алып тастап, ішіп кетіпті…» деген әңгімелер қай жерге барсам да, алдымнан шығып жатыр. Онан «Нұржан түрмеде отырған жерінен Бауыржан Ибрагимов 35 мың АҚШ долларын беріп, құтқарып алыпты» деп те шықты. Олардың бәрін қойшы, ең шамыма тигені, «Жаралы сезім» фильмінде Арайдың рөлін ойнаған қарындасымдай қызбен қосып, «ойбай, болып жатқан істің себепшісі сол қыз екен!» деп те шығарды. Өліп бара жатсақ та, анасын сыйлап, қызын құрметтеген қазақ едік қой! Мені қойшы, әлгі өрімдей қыздың тағдырынан қорықпай ма? Айдалада жүрген біреудің әлпештеп отырған қарғадай қызын менімен қосып, атын бүлдіріп не көрінді бұл елге? Ойласам, күйіп кетем. Көп болса, менің баламнан екі-үш жас үлкен қыз ғой. Нақақтан-нақақ адамды күйдіруге болмайды.

Мен сізге айтайын, масқара болған түгім жоқ! Алла куә. Қалай болғанда да, көлденең көк аттының бәріне есеп беріп, жүйкемді тоздырып, аузымды көпіртуге міндетті емеспін! Ең бастысы, Құдайдың көзі тура болсын. «Дұшпаныма таба, досыма күлкі» етпесін. «Мен ондаймын, мен мұндаймын» деп ақталатын да жайым жоқ. Сенсе сенер, сенбесе «көшке берген тайлағын қайтып алсын». Құдайға шүкір, бала-шағамның алдында, басым аман, бауырым бүтін, аман-есен баяғыша көңіл-күймен жүріп жатқан жайым бар. Әрине, Алла басқа салып жатса, неге көнбейсің? Адамның дегені болған емес. Бірақ Құдай жаманшылықтың бетін ары қалсын! Ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді. Ал өмірдегі кездескен кедергілерді бұзып өтіп, жолымды тауып алуыма бойымдағы қуатым да, парасатым да жетеді.

- Сонда жапа-тармағай жазып жатқан БАҚ беттеріндегі мағлұматтардың өтірік болғаны ма?

- Иә, оның бәрі бос сөз.

- Өнерде жүрген бір әріптесіңіз «Нұржанға ортадан ақша жинап жатырмыз» деген екен бір сұхбатында…

- Ақыры «масқарадан» басталды ғой әңгімеміз. Мен тағы бір масқараны айтып берейін. «Шымкент-шоудағы» Берік қой ол. Ол сұхбатты оқып, мені былай қойғанда, өзі шыр-пыр болды. Берік ондай «бүлікші» жігіт емес, оны мен жақсы білем. Бірақ, шыны керек, оқи сала Берікке хабарласып: «Мынауың не шырағым-ау? Сен бұлай деуге Құдайдан қорықсайшы», - десем, «Нұреке, аузымнан шыққан сөз емес, өзім де оқып, шок болып отырмын», - деді. Ол басылымның басшыларының құлағына алтын сырға: мен туралы өсек шығарғысы кеп іштері қайнап, жүректері дүрсілдеп бара жатса, өзімнен келіп алсын! Сырттан пышырласпай. Екі ортада Берік екеуміздің арамызға от жақты. Сөйтсем, ол ол ма, мына жақтан мынадай бір қауесет тарап кетіпті. Өнердегі әріптестерім менің атымнан қор ашып, ақша жинап, қырғын бопты… (мырс етті) Күлкім келеді! Шыны керек, олар маған қор ашып, ақша құймай-ақ өз қотырларын өздері қасып алмай ма?! Мені олай есіркемей-ақ қойсын! Бәрінікі - әншейін айбарақ. Құдай ешкімге күнімді салмасын! Еңбегіммен тапқан ризығым өзіме, бала-шағама, тіпті үрім-бұтағыма жетеді. Қазір журналист дегеннен аяқ алып жүре алмай қалдық қой. Әйтеуір, сүйреңдеген тілі мен сүйенген жағына сенгеннің бәрі шетінен «журналист». Арзан сенсация үшін, аңқау елді сонымен алдаусыратып, өздерінің жаман абыройын арттыру үшін бізді сорлатып, «анадай депті, мынадай депті…» деп, «өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай» етіп баса беретін болды. Осындай жағдайларға қарап, қынжыламын. Дүниеде ғайбат сөзден асқан күнә жоқ. Сіз де осы жағына ықтият болсаңыз екен деймін!

«Шаншардан» кеткім келген соң кеттім

- Өнер адамдарының ішінде атына, танымалдылығына, тіпті ақшасына сеніп дандайсып кететіндер көп. Сізді де «құртқан» осы жағдай емес пе?

- Мұндай сөзді есіте-есіте құлағым әбден жауыр болды. Дандайсып кететіндей, мастанып кететіндей маған не көрініпті, мен не істеп қойыппын? Ең бастысы, мен алып актер, біртуар азамат, майталман режиссер Райымбек Сейтметовтей ұлы тұлғаның шәкірті екенімді мақтан тұтам. Осы кісінің жан досы Асанәлі Әшімов ағамыз бастаған қазақтың талай зиялыларының, атақтыларының қолына су құйып, тәрбиесін алып өскен жанмын. Сонау студент күнімізде-ақ біздің сахналаған спектаклімізге осы кісілер баға беріп, ақыл қосты. Осының өзі маған аз сыбаға емес. Егер мен мүлт кетсем, бірінші сол ұстазымның әруағы аямас. Өнерге өрімдей кезімнен-ақ араласқанмын. Бәлкім, мен өнерге жол-жөнекей келе салғанымда, «жұлдыз» ауруына шалдығар ма едім? Сондықтан, танымалдылық та, атақ та маған таңсық емес. Ақыры ашындырдыңыз ғой, айтуға тура келіп тұр. Осы күнге дейін еш жерде кеудемді соғып көрген адам емес едім. Бар болғаны жиырма бес жасымда екі ауданның «Мәдениет үйін» басқардым: бірі - Түркістандағы, екіншісі - Сайрамдағы. Қол астымда жүз елуге тарта адам болды. Яғни, мен ақшаға, даңққа, танымалдылыққа дандайситын адам емеспін. Қысқасы, сіз «не туда попали»…

- Менің мақсатым - сізді ашуландыру емес. Дегенмен, отбасының берекесін ұстап тұратын бір адам болады. Ол кетсе, шаңырақтан да бақ тайып, жұрт «пәленше бәрін өзімен бірге алып кетті-ау» деп жатады… Кейінгі уақытта онша көп көрінбей жүрсіз. Сіздің де бағыңыз «Шаншарда» қалып қоймады ма?

- Керісінше деп ойламайсыз ба?.. (кекесінмен күліп алды) Ол былай. «Су ішкен құдығына түкіру» ессіздің тірлігі ғой, мен ондай ынсапсыздыққа бара алмаймын. Ондағы барлық әріптестерімді сыйлаймын. Бірақ басымдағы бағым «Шаншарға» тіреліп қалған жоқ. Адамның басындағы бақ мінез-құлқыңа, адамдығыңа, парасатыңа байланысты қонақтайды. Басқа қонған бақты да басып тұрар салмақ керек. Алатауды айырып, Қаратауды қайырмасақ та, жұртқа көңіл-күй сыйлап жүрген азаматпын. Құдай соныма қарай бақ берді. Танымал болдым. Мәңгілік ештеңе жоқ. Қазір «Шаншардан» шығып алы-ы-ып ойнап жүрген жоқпын. «Алдараспан» деген театр ашпақпын. Бар уақытым сонымен кетіп, шапқылап жүрмін. Елге сапалы бірдеңе ұсынсақ деймін. Шынымды айтсам, әлгіндей өсекке, анау-мынауға көңіл бөлуге уақытым да, зауқым да жоқ. Өмірде ешнәрсе де мәңгілік емес. Тіпті, ғұмырың да өлшеулі. «Шаншардан» кеткім келген соң кеттім. Бұл - өз шешімім. Менің мақсатым - осы уақытқа дейінгі өзімнің көріп-білгенімді өзгелерге беріп, бірді-екілі шәкірт тәрбиелеп, солардың атын шығарсам деген ниет. Басқа ешнәрсе де емес.

- Уәлибек Әбдірайымов баспасөзге «Нұржанды мен қуып жібердім» деп, сұхбат береді. Сіз қарапайымдылық танытып, «Ол кісі не айтса да жарасады» дейсіз. Бұл сонда «аш құлақтан тиыш құлақ» дегеніңіз бе, әлде, шынымен «қуылып» кеттіңіз бе?

- «Қудым, өйттім-бүйттім» деп жүр ғой. «Талант біткен жерден қызғаныш басталады» деген сияқты ғой. Әйтеуір біреу болсам, мені сөз етпес те еді, «қуғынға» да ұшырамас едім. Демек, менің титтей болса да талантым бар, «Шаншар» үшін керек болғаным да. «Көп тұрған су сасиды, ойламаған ми ашиды» дейді ғой. Жұрттың ашыған миында менің не кінәм бар, қызық екенсіз… Тек сол кісілер «Үлкеннің жолын кескеннің көрінбей қаларын, кішінің жолын кескеннің көмілмей қаларын» ұға жүрсе екен деймін. Мұның бәрі өткінші ғой… Тек қамшының сабындай мына жалған тіршілікте сыйласып өткенге не жетсін?! Бірін-бірі аңдысқан мына өмірде біреуге біреу табашы болуы хақ. Әкемдей адаммен тайталасып, әбүйір таппаспын. Жалпы, әу бастан «қатынөсекке» жоқ адаммын.

- Үнемі осылай жылы жауаппен құтыласыз. Сонда экс-бастығыңыз тіпті теледидарға шығып, сізді «сабап» жатқанда да намыстанбайсыз ба? Ел алдында, өзіңіздің бір кейіпкеріңіз айтпақшы, «неудобное положениеде» қап қоймайсыз ба дегенім ғой…

- Намыстанатын нәрсенің де салмағы болуы керек. «Бақ» еткенге де, «шақ» еткенге де шашымды жұла берсем, нем қалады? Ол өсектің қайсыбіріне жауап берем? Айтқысы келген адам айта берсін. «Атан түйе құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды» деген. Менің сүрінгенімді көргісі келетін адамдар көп қой. Оны білмейді, сезбейді дейсіз бе?

- Негізі, сізді «Нұржан» еткен кім?

- Алла! Онан кейін талантым. Кейінгілердің бәрі - себепкер болғандар. Мың жерден итаяққа салсаң да, балдың аты бал ғой… Кім, қанша жерден күйе жақса да, мен сол Нұржан болып қала беремін!

- «Өмірде тек ешнәрсе істемеген адам ғана қателеспейді» дейді ғой. Сіз жасаған қателіктеріңізден сабақ алатын жансыз ба?

- «Қателіктен қорыққан да қателік» дейді. Пенде болған соң, жаңыласың, шалынасың, қайта тұрасың… Сөйтіп, қателігің арқылы жөнге түсіп,сабаңа келесің. Өкінесің, «әттеген-ай» дейсің. Мұны мойындаймын.

- Жан-жағыңызды қаумалап жүрген қыз-келіншектер көп-ақ. Әйелдерге деген қызығушылығыңыз қандай?

- Әрине, әдемі, әсем дүниеге кім қарамайды дейсіз? Бірақ «белден басып» дөрекілікке барудан, оғаш тірлік жасаудан Алла сақтасын! Олардың барлығы - менің өнерімді сыйлағандар. Сондықтан, көрген жерде жылы сөзімді айтып, жақсы қарым-қатынаста болу - әрбір актердің міндеті. Менің бір қадап айтатыным, басыма қандай күн туып жатса да, тәрбиеден, қазақылықтан, ардан аттап кетпеймін! Имандай шыным осы.

«Екі жұлдызда» өзімді басқа мемлекетте жүргендей сезіндім

- Байқап отырмын, шешен тілмен сөйлейсіз. Арнайы жаттап келгенсіз бе?

- Жоға. «Ашынғанда шығады ащы даусым» дегендей ғой мендегі хал.

- «Екі жұлдызға» өзіңіз бармай қойдыңыз ба, әлде ол жақтағылар елді «шулатқан» әлгі жағдайдан кейін «оказывается, с тобой связываться опасно!» деп, шақырмай қойды ма?

- Ой, бұл да бір пәле болды. Басында адам құсап шақырған соң, патшаның ұлындай болмай, барайын деп, барғанмын. Бауыржан ағам екеуміз қазақ тілінде жүргізетін болғанбыз. Сөйтсе-е-ем, ондағы ұйымдастырушы шырақтарым - кіл шалақазақтар. Әр нәрсесін бір көріп, қаным қарайды. Ақыры, шыдамым таусылып, кетіп қалдым. Шақырмай қойған ештеңесі жоқ. Осы жерде бір нәрсе айтайын. Қазақтың маңдайына біткен бір-ақ арна бар. Ол - «Қазақстан» ұлттық телеарнасы. Әрі күтіп, бері күтіп, «Хабардан» ақыры үмітті үзгеміз. Бірақ, «Екі жұлдыз» бұл арнаға лайық болмады. Қазақы болмыс деген атымен жоқ. Басқасын былай қойғанда, анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізде сөйлеуге «ұялып» кеттік қой, құрысын. Содан кейін-ақ өзіме-өзім «мен бұл жерде не істеп жүрмін?» дедім де, кетіп қалдым. Шынымды айтсам, «Екі жұлдызда» өзімді басқа мемлекетте жүргендей сезіндім. Сөйттім де, «қо-о-ой, отаныма қайтайын» деп, Шымкентіме кетіп қалдым.

- Танымалдылығыңыздың арқасында қай жерге барсаңыз да, басшы да, қосшы да құшақ жая қарсы алып, «Нұреке, Нұреке» деп жатады. Шынымен солай деп ойлайсыз ба?

- Оның бәрін ішім сезеді ғой. Біреулері өз пайдасы үшін жылпылдайды, біреулері қасымда жүру үшін дегендей… Керісінше, бір кісілер шын ниетімен араласып жатады. Мұның бәрі - атақ-абыройым немесе дүнием емес, өнердің құдіреті. Өнерді түсінген, өнерді сыйлаған адам қадіріңді де біледі.

- Актер ретінде кімді үлгі тұтасыз?

- Жалпы, сатира жанрында Бауыржан Ибрагимов ағаны құрметтеймін. Баукең қазаққа әлі иісі де келмеген шоуды жарқ еткізіп сахнаға алып шықты. Қазақ өнеріне талай сапалы өнерпаздардың келуіне себепкер болды. Ол - «Нұр-Мұқасан», ол - «Орда», ол - Жанатбек, ол - Мақсат Базарбаев, ол - «Нысана» театрының басшысы Әбунасыр Серіков дегендей… Бұл кісінің парасаттылығы, азаматтығы сонда, осы шығарған жұлдыздарының бірін де айтып, міндет қылмайды. Ешқашан! Керісінше, осылардың барлығына аға боп, жаға боп келе жатыр. Олардың бәрі Баукеңді алақанына салады. Бұл кісі - бүгінгі жемісін емес, ертеңгі жетістігін ойлаған адам. Ол жігіттер үшін Баукең ылғи да «Аға» боп қалды. Осы жағынан көп үлгі аламын.

- Көпен ағаша айтқанда, «Өнердің генералы болуды» армандайсыз ба?

- Генерал болуды армандамаған солдат солдат емес қой. Бірақ, оған дейін әлі қайда-а-а? Ол үшін үлкен еңбек керек. Қазір кеудемде тек арман мен межелеген мақсаттарым ғана бар. Құдай жеткізіп жатса, боп та қалар.

- Сізді шабыттандыратын, өнеріңізді әрі қарай шыңдауға жетелейтін не нәрсе?

- «Удың да шипасы бар» дейді ғой. Сол сияқты, жоғарыда атап өткен өсек-аяңдар мені қайта алға жетелейді, жігерімді жанып, намысымды қайрайды. Мынау ананы, анау мынаны айтты екен деп, ұйықтай алмай қалатын жандардың қатарынан емеспін. «Ит үреді, керуен көшеді» деймін де, керісінше, ары қарай шабыттанып, қайраттанып кетем.

- «Той-пой» деп жүріп, іздену, кітап оқу есіңізден шығып кетпей ме?

- Сөзіңіздің жаны бар. Бірақ, тойға бармасам, маған ақшаны кім береді? Кімнің есігін қағып: «Театрыма ақша беріңізші?» - деп тұрам. Оның үстіне, «Алмақтың да салмағы бар» дегендей, біреуге міндет артқым да келмейді. Осы жерде айта кетейін, «театрыңның көрімдігі болсын» деп өнердегі арқа сүйер ағам, композитор Арман Бексұлтан музыкалық жағынан көмек қолын созып жатыр. Рахмет! Рас, той-пой деп жүріп, кейде біржақты болып кететініміз бар. Бірақ, жақсы кітап көрсем, қанша тұрса да бағасына қарамай, сатып алам. Өзіммен бірге алып жүретін де кітаптарым бар. Кейде ұшақта, кейде пойызда боласың… Кітаптан өткен дос жоқ қой. Жаныңа қажет рухани азық та сол.

- Соңғы оқыған кітабыңыз?

- «Қазақ афоризмдері» деген кітапты оқып отырып, Әбіш Кекілбай ағамыздың мына бір сөзіне ішегім түйіле күлдім. «Біздің қазақ өзін жылқы мінезді жұртпыз деп түсінеді. Онысы - өзін-өзі мақтағаны емес, сынағаны. Жылқы - тез арып, тез семіретін жануар. Арыса - арса-арса боп сықпыты қалмайды, семірсе - жалына қол апартпай, кекірейіп кетеді» дейді. Шынында да, сондай халықпыз ғой. Әбекеңнің осы сөзіне қарап-ақ өзіңді танып, басыңды шұлғып отыра береді екенсің… (күлді)

- Шыныңызды айтыңызшы, көзіңіз көріп тұрған қателікті дер кезінде бетіне айта аласыз ба?

- Мен өзі Қадыр Мырза Әли ағамыздың өлеңдерін жатқа оқитын адаммын.

Ол кісі:

«Мыстанның өзі де алжыған,

«Мекерлік» жасап бір көрмекші.

Бикешті алдайды Донжуан,

Бастығын алдайды көмекші.

Өтірік айтып ап алақтар,

Өсекші, ұятсыз пәтшағар.

Өз байын алдайды жәләптар,

Өз халқын алдайды патшалар.

Көрікті, келісті өңірде,

Ешнәрсе тұрған жоқ, үйлесіп.

«Осының бәрі тән өмірге»,

деп, өзін алдайды философ», - дейді. Көріп тұрсаң да, көзіңді жұма қалатын, сезіп тұрсаң да білмеген сыңай танытатын жайттар көп қой өмірде. «Адамдардың сол жерде сыбағасын беремін» деп, өтірік айта алмаймын.

Барым да, нарым да - төрт балапаным

- Алматыда көп боласыз. Мұнда үйіңіз бар ма? Отбасыңыз қайда тұрып жатыр?

- Жоқ, бала-шағам Шымкентте. Болашақта Алматыға қоныс аударсам деген ниетім бар.

- Бірде шаңырағыңызда сұхбаттасқан едік. Сонда, шыны керек, сахнада аласұрып жүретін «Тукаға» көзім үйреніп қалған мен жарыңыздың сабырлылығы мен ақжарқындығын, балаларыңыздың тәртіптілігі мен тәрбиелілігін көріп, риза болған едім. Балалардың тәрбиесімен кім айналысады?

- Балаң жетесіз болса да, сорың ғой. Құдайға шүкір, жарым Ақнұр да - актриса. Бірақ, менімен жарысып, «сахнаға шығамын!» деген жоқ. Сол төртеуін бағып-қағып, сабағын қадағалап, тәрбиесін беріп үйде отыр. Менің бар байлығым да, атағым да, барым да, нарым да - осы төрт балапаным. Жақында Бауыржан Момышұлының: «Дүниеде баланың у-шуына жетер не бар? Одан асқан сазды әуен ойлап табу мүмкін емес», - дегенін оқып таң қалғам. Реті келсе, айтайыншы деп жүр ем, бүгін сәті түсіп тұр. Кейде үйге шаршап-шалдығып келіп, табалдырықтан аттай бере солардың у-шуын естимін де, сап басылам.

- Үйіңізді құдды бір шетелдегі мұражайлардай етіп жасап қойыпсыз…

- Жасыратыны жоқ, қомақты қаржы кетті. Әрбір деталіне дейін ойластырғанмын. Байқасаңыз, кіре бергеннен-ақ әдемі табиғаттың, сарқырап аққан судың кескінін келтіргенмін. Төрт бөлмені де қанша жылдан бері өзімнің ойымда жүрген дизайн бойынша жасаттым. Өйткені, біз шығармашылық адамдарымыз ғой, көңіліміз сәл нәрседен көл, сәл нәрседен шөл бола салады. Ақнұр төртінші баламды дүниеге әкелгенде тосын сыйым болсын деп, жасаған түрім ғой. Ақнұрға да, бала-шағама да ұнады.

- Сіздей сері жігіттің бабын тауып отырған Ақнұр да мықты-ау сірә…

- Өз басым «қатынпаз» еркектердің қатарынан емеспін. Оның үстіне, біздің шымкенттіктерді білесіз ғой… Бірақ, «жақсының жақсылығын айт» деген де бар, айтайын. Ақнұр екеуміздің ә дегеннен-ақ төрт құбыламыз түгел болған жоқ. Жоқтықты да, аштықты да бірге көрдік. Жатақханада тұрдық. Сол кезде қандай болса, қазір де дәл солай. Оның ең басты қасиеті: «Қайда бара жатырсың? Қайдан келдің?» - деп сұрамайды. Жасыратыны жоқ, талай марқасқа жігіттің сорын қайнатып, ақырында шаңырағын шайқалтатын осы екі сөз ғой. Мүмкін, Ақнұрдың сабырлылығы намаздың да арқасы шығар деп ойлаймын. Үш жылдан бері қарай бес уақыт намазын үзген емес. Әке-шешем де намазда.Таңертеңгі намазды жамағат болып бастайды. Тәуба деймін!

- Өзіңіз ше?

- Өкінішке орай, оқи алмай жүрмін. Бізде режим деген жоқ қой, «қаза етіп аламын ба…» деп қорқамын. Ол, әрине, сылтау шығар, Алла қаласа, сол жамағаттың қатарына мен де қосыламын деген ниетім бар. Жұма намазды үзбеймін. Мешітке барып Құран бағыштап, намазға қатысып, садақамды беріп қайтам. Қолымдағы барымнан жетім-жесірге, жағдайы төмен отбасыларға үлестіріп беріп тұрамын. Ол - кәдімгі қағидам.

- Өзіңізбен ақыры сыр-сұхбат жасаудың сәті түсті-ау. Әйтсе де, өтірік айтып қойған жоқсыз ба? Қызуқандылықпен айтып алып, кейін «біраз жерін өшіремін» деп жүрмейсіз бе?

- Қарындасым, арыма дақ салып, өтірік айтып қайтем? «Дүниеде ең күшті адам - арлы адам» дейді. Оның тағдыры, жоғарыда айтылғандай, қиын, ауыр болуы мүмкін. Бірақ, өкінішті болуы мүмкін емес! Мен оған сенемін. Бұл - ескілерден қалған сөз. Сондықтан, не айтсам да, арыма салып айттым. Ол жағы маған сын. «Айтылған сөз, атылған оқ».

- Тілегіңіз?

- Мұндай-мұндай сұхбаттардың, аманшылық болса, әлі талайы шығар. Тек ел аман, жұрт тыныш болсын! Алла бойымыздан адамдық дейтін асыл қасиетті алмасын! Осыған дейінгі қанша басылымның бетін қайтарып келіп, сіздерге сұхбат беруімде де мән бар. «Жұлдыздар отбасы» - аты айтып тұрғандай, өнер адамдарының отбасылық қызығы мен берекесін бірінші кезекте ұстанатын журнал. Бір ұнайтыны, аузыңнан шыққан сөзді қосып-алмай сол күйінше беретіндігі. Бұл жолы да солай болады деп сенемін!

Сұхбаттасқан Әлия ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА

(«Жұлдыздар отбасы» журналы, №3, 2010)
Категория: Сұхбаттар | Добавил: Batman
Просмотров: 3845 | Загрузок: 0 | Комментарии: 11 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 4
4 aidyn  
0
mal suka siktir wymkent maly

3 Aktore  
0
Nurjan aga tek alga basa beriniz.Onerinizdi windai beriniz.Jurt aitkan kau osetke senbeimin.Men sizdin talantynyzga yantimin........

2 Ұлжалғас  
0
Мен сіздің талантыңызға бас иемін,сіз туралы айтылған өтірік сөз-қауесеттерге сенбеймін.

1 Алижан  
0
Сіз қалай артистизмді жақсы меңгердіңіз?

Имя *:
Email *:
Код *:

сайт топтары
Сұхбаттар [10]
Клиптер [0]
Әндер [0]
Ән жазулары [0]
кинолар [0]
Жаңалықтар [1]
Біздің чат
Біздің сұрақ
Сізге қандай сайт ұнайды
Всего ответов: 163
Санақ

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0