Өмірде де, өнерде де, мен үшін ата-анамның айтатын бір ауыз сөзінің өзі қастерлі… - Сұхбаттар - KZ.at.ua - казакша олендер,сұхбаттар,клиптер
Приветствую ВасГость
Сайты кім алад айтындар тегін берем
Последние ответы форума
Тема Дата, Время АвторРаздел
Любовницы Москвы 15.09.2015, 23:27 rabotampru ddddddddddddddd
Оқу
фыа 27.08.2010, 12:41 Batman ddddddddddddddd
Оқу
ывфыв 27.08.2010, 12:41 Batman ddddddddddddddd
Оқу
вфывфы 27.08.2010, 12:41 Batman ddddddddddddddd
Оқу
dsad 27.08.2010, 12:40 Batman ddddddddddddddd
Оқу
asd 27.08.2010, 12:17 Batman ddddddddddddddd
Оқу
dasda 27.08.2010, 12:16 Batman ddddddddddddddd
Оқу
dsadasd 16.08.2010, 13:47 Batman ddddddddddddddd
Оқу
asdasdas 16.08.2010, 13:47 Batman ddddddddddddddd
Оқу
вфыв 10.12.2016, 03:12 rabotampru ddddddddddddddd
Оқу
Главная » Файлы » Сұхбаттар

Өмірде де, өнерде де, мен үшін ата-анамның айтатын бір ауыз сөзінің өзі қастерлі…
16.06.2010, 09:32

ЕРБОЛАТ ҚАНАТҰЛЫ ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ: «Өмірде де, өнерде де, мен үшін ата-анамның айтатын бір ауыз сөзінің өзі қастерлі…»

-Ерболат, бүгінгі таңда шығармашылығыңызда қандай жаңалықтар бар?

-Дәл қазіргі уақытта менің шығармашылығымда ешқандай жаңалықтар болып жатқан жоқ. Өздеріңіз теледидардан көріп жүрсіздер, «Екі жұлдыз» жобасына қатысып жүрмін. Ондағы сахнаға дайындап шығаратын нөмірлерімізге сай айтатын әндеріміздің сөздерін жаттау, белгілі бір бейнені сомдау үшін дайындық сияқты жұмыстарға көп уақытым бөлінуде. Отбасым Талдықорғанда тұрады. Өзімнің жұмыс орным да негізінен сол Талдықорғанда. Ол жақта Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармонияда солист-вокалист болып жұмыс істеймін. Арасында, филармонияға өзіңнің жұмысыңа да үлгеру керексің, осы жақтағы жұмыстарға да, жобаға да қатысып үлгеру керекпін, қазіргі таңда жұмысым осылай қарбаласпен жүріп жаты..-Халық арасында, 2011 жылғы қысқы Азиялық ойындарда сіздің орындауыңыздағы «Мен қазақпын» әні ұран ретінде орындалады деген сөз бар. Бұл шындықпен қаншалықты үйлеседі?

- Бұл әңгімені негізінен толығымен рас деп айта алмаймын. Өйткені, маған әкімшіліктен не болмаса мәдениет саласындағы адамдардан ешкім «дайындала бер!» деп айтқан жоқ. Олай айтылмағаннан кейін, толығымен сенім жоқ. Өткенде Азия ойындарына дайындық болып, Медеуге фототүсірілімге бардық. Фототүсірілім болғанда, қыстық ойындар кезінде жан-жаққа ілініп тұратын суреттердің түсірілімі. Сонда, бізді бір орыс қызбен суретке түсірді. Мен сол жерде: «Неге орыс қызды түсіресіздер? Суретке неге қазақ қызы түспейді?» деп сұрадым. Сөйтсем, «Біз көпұлтты мемлекет ретінде, ұлтаралық достығымызды көрсетуіміз керек»- деп түсіндірді. Бірақ енді суретке түсірулеріне қарағанда, «Мен қазақпын!» әнін аталмыш ойындарда ұран етіп айтып шығуым да мүмкін. Суретке түсіріп дайындық жасап жатқаны соған бір кепілдік шығар деп қалдым. Егер шынымен де солай болып жатса, бұл да мен үшін де үлкен бір жетістік, қуаныш болатын еді. Ертең бала-шағама, немерелеріме айтып отыратын тарихи жайт болар еді. Ал жеме-жемге келгенде, дәл тақаған сәтте, не боларын кім біледі? Ысырып тастауы мүмкін, неше түрлі жағдай болуы мүмкін. Сол себепті де мен әзірге нақтылы ештеңе айта алмаймын. Егер ол жерде ашылуында орындамасам, ертеңгі күні ойынның соңына таман қойылатын концерттік бағдарлама сол жердің қызметкерлерінің өздерінің ұйымдастырған жоспарына қарай жүзеге асатын шығар деп ойлаймын.

-«Екі жұлдыз» жобасында өзіңіздің көрсеткен өнеріңізге көңіліңіз тола ма?

-Негізі, «Екі жұлдыз» жобасына байланысты әу баста түсінбеушіліктер болды. Өйткені, мені ойда жоқтан апыл-ғұпыл сол жерге алып келді. Басында мен бұл жобаның «Екі жұлдыз» екенін де білген жоқпын. Шыны керек, мен оны теледидардан да көрмеппін. «Екі жұлдыз» жайлы сол жобаға барған кезде ғана, оны кім жасап жатыр, қай жерде өтеді, соның барлығымен сол жерде ғана таныстым. Содан кейін ғана Майкл Джексонның әнін, одан кейінгі «Жігіттер» әні, солардың барлығын біз бұл жобаға көңіл бөліп, арнайы дайындықпен орындап шықтық. Енді аталмыш жоба туралы менің ойымды білгіңіз келсе айтайын, мұнда соншалықты өлеңді қайта-қайта жаза беретіндей- бұл менің жобам емес. Ұйымдастырушылардың өздерінің арнайы істейтін студиялары бар. Осы жолы шығаратын нөмірлерімізді солардың қолдарына бердім. «Өздерің істей беріңдерші, мен екі нөмерді дұрыстап көрсеттім, ал қалғанын сендер істеңдер» дедім. Мен өзіме берілген әндердің сөздерін жаттап, идеяларына өз үлесімді қосып, елдің сенімін ақтасам, сол дұрыс болар.

- Сіздің ойыңызша, «Екі жұлдыз» жобасының жеңімпазы болып, соңында кім қалуы мүмкін? Жеңімпазды анықтауда әділетсіздікке жол берілуі мүмкін бе?

- Ия, ондай да болуы мүмкін. Өзіңіз де білесіз, қазір барлық жерде жемқорлық бет алып кетті. Иман орнамай, оның барлығы қысқармайды. Ал, жобаның соңы қалай болатынын тек бір Аллаһ Тағала ғана біледі. Және де жобаның аяғында ғана белгілі болады. Мысалға айтар болсам, менің: « «Екі жұлдыз» жобасында жарып шыққым келеді» деген аса бір қалауым жоқ. Себебі, менің өз басымның жұмысы да жетіп жатыр. Мысалы, кеше Ақжол ағамыз жобадан шыққан кезде: «Шығарғандары тіпті жақсы болды» деді. Мен: «неге?» десем, «Мен бұл жобаға өзімнің жеке бюджетімнің жартысынан көбін жұмсадым, оның ішінде сахналық киімің, бишілерге төлейтінің бар» деп жауап берді. Расында да, бізге бұл жобаға қатысқанымыз үшін ешкім ешқандай гонорар төлемейді. Егер де еңбекақыны төлейтін болса, сол кезде белсенді жұмыс істейтін едік. Ал, шындығына келсем, маған «Екі жұлдыз» жобасы онша ұнамайды. Менің түсінбейтінім, ұйымдастырушылар неліктен өзіміздің жобаларымызды шығармай, не үшін қай-қайдағы шет елдің жобаларын алады? Сол жағы түсініксіз?!

-Ерболат, өзіңіз айтып отырғандай, күн тәртібіңіз өте тығыз. Гастрольдік сапарлар, сонымен қатар ән жаздыру, жобаға қатысу, түрлі концерттерге қатысу тағы бар. Осыншама қарбалас жұмыстың арасында жанұяңызға қаншалықты жиі көңіл бөлесіз? Әкелік парызыңыз тағы бар…?

-Шындығында, әке болу оңай емес. Өз кезегімде, менің де әкелік парызымды өтеп, ұл-қызыма әкелік жақсы тәрбиемді бергім келеді. Жоғарыда айтып өткенімдей, біз отбасымызбен Талдықорған қаласында тұрамыз. Алайда, дәл қазіргі қарбалас жұмысқа орай, Алматыда болуыма тура келіп тұр. Сол себепті де, айдың демалыс күндері ғана отбасыммен бірге болып, балаларыма көңіл бөле алып жүрмін. Ал жазғы уақыттары отбасыма кәдімгідей көбірек уақыт бөлуге тырысамын. Телефонымды өшіріп тастап, таза ауаға шығып, балаларыммен жиі серуендегенді жақсы көремін.

-Ата-ана болу жауапкершілігі де зор шығар…?

-Иә, ата-ана болудың жауапкершілігі өте үлкен. Әсіресе, өнер жолында жүрген ата-аналарға өте-өте қиын. Халық қалай түсінетінін білмеймін, бірақ мен өнер адамы болып жүріп, ата-ана болу өте қиын деп нық сеніммен айта аламын. Өйткені, сен керекті кезде балаңның жанынан табылмайсың, керекті уақытында айтатыныңды айта алмайсың, бұрыс болып тұрғанда дұрысын айтып, түзеп жібере алмайсың. Ол үшін отбасыңа міндетті түрде жұмыстан тыс уақыт таңдап кездесіп, көңіл бөлуің керексің. Мен өзім де таңқаламын, президентке қабылдауға баратын сияқты арнайы уақытты таңдап отырасың. Мысалы менің әке-шешем мені ылғи өздерімен бірге алып жүретін. Мен үнемі сахнаның артында жүретінмін. Роза апай, марқұм Тоқсын, марқұм Мейірман ағаларымның ортасында жүгіріп жүріп бәрін көріп өскенмін. Осылайша ата-анаммен әрдайым бірге болғандықтан, менің тәрбиеме ата-анамның жұмысы өз кедергісін тигізе алмаған шығар. Алайда, мен балаларымды жын-ойнақтың арасында аса жүргізгім келмейді, Себебі, ол жерде неше түрлі адамдар бар, олардың жаман энергиясы, аурасы, тіл-көзі бар. Менің өнерге қатысты емес, басқа саланың адамын жұбайлыққа алған себебім де сол.

-Оқырмандарымызды өмірлік жарыңызбен кеңірек таныстырып өтсеңіз?

-Менің жұбайымның есімі - Гауһар, өзі Албанның қызы, Нарынқолдың Сарыжаз ауылынан. Екеуміздің отау құрғанымызға тоғыз жылдай уақыт болды. Өзі ақкөңіл, түсінігі өте мол, осы әулеттің, отбасымның білдей тірегі. Ошан қазақтың басында отырғаннан кейін, өзімді сыйлап, құрмет көрсетеді. Кейбіреулері, отбасы жайлы жаманын жасырып, жақсысын асырып айтып жатады. Ал менің жұбайымның жасыратын жаман жағы да жоқ. Ол менде алтын. Тамақты да дәмді қылып, әр түрлі қылып пісіреді. Балаларымның қарны тоқ, киімдері бүтін, оларды ауыртпай қарап, балаларымның да, менің де, отбасымның да көңілінен шығуға үлгеріп жатады.

-Балаларыңыз қайсысыңызға көбірек тартқан?

-Өзімнің бір ұл, бір қызым бар. Екі баламның да есімдерін ата-анам қойған. Өмірде де, өнерде де, мен үшін ата-анамның айтатын бір ауыз сөзінің өзі қастерлі. Қызымның есімін - Әнел деп атады. Ал ұлымның есімін - Салауат деп қойды. Салауаттың келбеті кішкене анасына келеді, бірақ мінез-құлқы, ұстамдылығы, салмақтылығы маған келеді. Бірақ қытығына тисең, дәл өзім сияқты (күліп). Ал, Әнелдің келбеті маған келеді де, бірақ іс-қылықтарының барлығы жұбайыма тартқан. Менің де жұбайым әкесінің еркесі болып жүріп, сол әкесінің қолынан менің қолыма ерке болып ауысқан ғой. Үшеуін бірдей еркелетемін.

-Ал сіздің мінезіңіз қандай?

-Әр адамның өзінің мінезі болады емес пе?! Жасыратын ештеңесі жоқ, менің мінезім өте ауыр. Мен бір қарағанда осылай жеңілтек мінезді болып көрінуім мүмкін. Әр адам әр түрлі ғой. Мен де керек жерде қалжыңдаса білемін, әзілдер айтып жанымдағыларды күлдіре аламын, көңілдерін аулай білемін. Бірақ, өзіме ұнамағанды, артық сөзді көтере алмаймын. Егер дұрыстап компромиске келсек, барлығын да шешуге болады ғой. Ал егер бірдеңе ұнамай қалса, ашуланып қалатыным бар. Сосын ештеңені де жасырмай, бірден бетке айтып тастаймын. Ал егер ашулансам, ашумен оталып кетсем, бір-екі күннен кейін қайтадан басыла саламын. Бұның барлығы менің өз бойымнан мінезімді байқағаным емес, бұл жұбайымның маған берген «мінездемесі».

-Спортпен айналысасыз ба?

-Әрине, спортпен айналысамын. Спорттың ішінде, мені ауыр атлетика қызықтырады. Гантель, штангы көтеруді жақсы көремін. Спортқа өте жақынмын, баскетболды, хоккейді ойнағанды ұнатамын. Мен осыдан бір ай бұрын, омыртқама зақым тигізіп алдым. Сол үшін де дәрігерлер маған қазір ауыр заттарды көтеруге тиым салды. Әйтпесе, мен 100 кг-ға дейін көтеретіндей дәрежеге жеткен болатынмын.

-Ерболат, сіздің қазіргі стильіңізді кім қалыптастырды?

- Негізінен бұл өзімнің шығармашылығым. Шабыт бар, толғанасың, үнемі елімізге керек әндерді орындасам деймін. Егер мен емес, басқа біреу де елімізге керек әндерді айтып шықса да, мен риза болатын едім. Мұның барлығын қиыстырып, келістіріп отырған Аллаһ Тағала ғой.

-Көшеде қарапайым көпшіліктің арасында жүрген кездері көбіне халық сізді қалай қабылдап жатады?

- Егер де қоғам туралы айтар болсам, мен ауылдан келгендердің көбісіне ренжимін. Бұл менің «Ауылдан келген» деп, ауылдан келген жігіттерге менсінбеушілікпен қарап, шеттеткендігім емес. Бірақ қалаға келген осы екен деп, өздерін «Батыр» санап, арақ ішіп алып, көшедегі кім-көрінгенге тиісіп, бұзақылық танытып, ұрлықтар жасайтындар, өздерін-өздері өмірдің жақсылығынан шеттетіп, түңғиыққа тастайтындар күннен күнге көбейіп бара жатыр. Тіпті кейбіреулері интернетке отырып алып, «пікір жазу» бөлімдеріне түрлі боқтық, былапыт сөздерді, ойына келгендерін жазады. Мен әрине, кім де болса, адам жақсылыққа ұмтылса екен деймін. Ал қалада жүрген кезде көшеден сені көріп қалса бір-бірімен сыбырласып: «Ойбай, ананың бойы қысқа екен, шашын алып тастапты!» деп, немесе «Ей, сен Ерболатсың ба? Ерболат деген көп қой, Құдайбергеновпын деп айтпайсың ба?» деген сияқты, өздеріне өздері қарсы пікірлер айтады. Егер мен «Құдайбергенов Ерболатпын!» десем, мақтанып тұр деп ойлайды емес пе?! Жұбайыңмен, немесе кейде қасыңда бір үлкен кісілер болады, көшеде кетіп бара жатсаң артыңнан айқайлап, сондай пікірлер айтып жыбырласып сөйлейтін адамдар маған ұнамайды. Жастарымыз өз өмірлеріне игі бағыт жолымен әдепті болса, байсалды, ұстамды, мәдениеттірек болса екен деймін.

- Сіздің айтып жүрген өлеңдеріңіз, қазіргі таңдағы жастардың патриоттық сезімін оятын жүрген әндердің бірі. Жалпы, патриоттықты сіз қалай түсінесіз?

-Мен патриоттың патриотымын. Мен елім, жерім үшін барлығын да істеймін. Туған жерін сатып кететін кейбір адамдар да бар. Ал мені қылқындырып, литрлап қан төгіп жатсам да, елімді, жерімді ешқайда қалдырмаймын. Сосын, жақында көтерілген «қазақстандық» деген мәселеге байланысты өзімнің айтарым бар. Біздің қаншама мың ата-бабаларымыз қазақ елінің тәуелсіздігі үшін, бүгінгі біздердің осындай жарқын болашағымыз үшін- өз өмірлерін шайқаста өткізіп, жаудың құрбаны да болды. Осынау кең-дархан даламызды ешкімнің етегінде жібермей, ерен ерлікпен бізге сыйға тартты. Ал, осындай киелі аманатқа әлдекімдер аяқ астынан ие болғысы келсе, бүкіл қазақты өз ұлтымен даралап «Қазақ» деп жазбай, білдей бір ұлтты қайдағы бір аралас ұлтпен біріктіріп, «қазақстандық» деп қалай атамақшы?! Ондай болатын болса әрбір қазақтың баласы ертең өзін «Мен қазақпын» деп айта алмайды ғой!?. Біз аралас ұлтты мемлекет болып қаламыз. Бұл бізге не үшін керек? Егер де, дәл солай болатын болса, ертең Азиялық ойынға «Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген» деп, қалайша көк байрағымызды желбіретпекпіз? Сондай жайттар мені алаңдатып жүр.

-«Той - халықтың қазынасы» демекші, тойларға жиі шығатын шығарсыз?

-Дәл қазіргі таңда біз той-томалақтарға әрине, жиі барамыз. Той дегеннің өзі де үлкен қуаныш қой. Біреудің тойына барып, қуанышына ортақтасып, және де той иелері сенің еңбекақыңды төлеп, құрметтеп шақырып жатса, ондай жақсылыққа неге бармасқа? Баяғыда жыршы-жыраулар бір ауылға барса, үстіне шапан жауып, ат мінгізеді екен. Көтеріп құрметтейді екен. Бізде де сол сияқты. Тойға барып, еңбекақымызды алып, бала-шағамызды сол тоймен бағып жатырмыз. Ал егер үкімет өнер адамдарына көңіл бөліп, көмектесіп жатса, біз тіпті тойға барып ақша да алмас едік қой.

-Егер құпия болмаса, тойдан алатын гонорарыңыздың құны қанша тұрады?

-Егер той Алматы қаласының ішінде өтетін болса, онда 5000 мың АҚШ доллары. Ал егер шет жаққа шығатын болсам, онда гонорарымның құны10000 мың долларды құрайды.

-Ерболат, әңгіме барысында иман, намаз туралы сөз қозғап қалдыңыз. Мұсылманның қасиетті бес парызының бірі намазды оқисыз ба?

-Мұсылман баласы болғаннан кейін, кемінде 5 сүре білуіміз керек, оны білемін. Өнер адамы болғаннан кейін, жұмыс кестесіміз де өте тығыз. Сол себепті де, мен қазір тек қана таң намазын оқып жүрмін. Аллаһ қаласа, жұмысымды ыңғайлап алғаннан соң, бес уақыт намазымды қаза қылмай оқимын деген ниеттемін.

-Халыққа, өзіңіздің жанкүйерлеріңізге, «Жұлдызбен сырласу» журналының оқырмандарына тілегіңіз?

-Халыққа ең бірінші байлық - денсаулық тілеймін! Ел іргесі аман болып, халқымыз әрдайым шаттыққа бөлене берсін! Айбынды жастарымыз көбейе берсін!

-Сұхбатыңызға көп-көп рахмет! Өнерде де, өмірде де үлкен жетістіктерге жете беріңіз!


Сұхбаттасқан: Салтанат ҚҰМАБЕКОВА

«Жұлдызбен сырласу» журналы

Категория: Сұхбаттар | Добавил: Batman
Просмотров: 1246 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:

сайт топтары
Сұхбаттар [10]
Клиптер [0]
Әндер [0]
Ән жазулары [0]
кинолар [0]
Жаңалықтар [1]
Біздің чат
200
Біздің сұрақ
Сайтқа не қосу керек?
Всего ответов: 184
Санақ

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0