Приветствую ВасГость
Сайты кім алад айтындар тегін берем
Последние ответы форума
Тема Дата, Время АвторРаздел
фыа 27.08.2010, 12:41 Batman ddddddddddddddd
Оқу
ывфыв 27.08.2010, 12:41 Batman ddddddddddddddd
Оқу
вфывфы 27.08.2010, 12:41 Batman ddddddddddddddd
Оқу
dsad 27.08.2010, 12:40 Batman ddddddddddddddd
Оқу
asd 27.08.2010, 12:17 Batman ddddddddddddddd
Оқу
dasda 27.08.2010, 12:16 Batman ddddddddddddddd
Оқу
dsadasd 16.08.2010, 13:47 Batman ddddddddddddddd
Оқу
asdasdas 16.08.2010, 13:47 Batman ddddddddddddddd
Оқу
вфыв 29.03.2024, 17:01 rabotampru ddddddddddddddd
Оқу
Главная » Файлы » Сұхбаттар

Мейрамбек БЕСБАЕВ: «ХАЛҚЫМА АЙТАР АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ…»
16.06.2010, 08:44
(37.51 Kb, 192x288)   Мейрамбек аға, «Екі жұлдыз» жобасына қалай шақырылдыңыз?
-Жобаның продюсері Динара Адам хабарласып, осы жобаға қатысу жайында ұсыныс жасады. Шынын айтсам, бас кезінде бұл жобаға қатысқым келмей, өз қарсылығымды білдірдім. Себебі, конкурс түрінде өтеді деген соң, біреумен жарысқым да келмеді, оның үстіне, «МузАртпен» еліміздің басқа аймақтарына гастрольдік сапармен өнер көрсетіп қайтуды жоспарлап қойған едік. Жоба - жаңа жылға дейін созылатын болғандықтан, «уақыт жағы қалай болар екен» -деп те ойладық. Кейін, «уақыт жағы дұрыс болады, өзіңізбен келісіліп отырады» дегеннен кейін, жобаға қатысуға өз келісімімізді бердік.

-Аталмыш жобада Сәуле Рахметовамен бірге ән айтатыныңызды алдын-ала білдіңіз бе?

-Жоқ, білген жоқпын.

-Сәуле өнер адамы болғанмен де, оның жаны биге жақын. Сәулемен бірге ән айту сіз үшін қаншалықты қиынға соғып жатыр?

-Әрине, өз қиындығы да бар. Себебі, әр айналым сайын, түрлі тақырыпта ән айту қажет болғандықтан, екеуіміздің дауыс ырғағымыз бір-бірімізге келіңкіремей жатыр. Дегенмен, дауыс ырғағымыз бір-бірімзге сай келетін әнді орындап шығуға тырысудамыз. Уақытымен барлығы дұрыс болып кететін шығар деп ойлаймын. Біз үшін, бірге дайындалуға уақыт жағы да аздық етуде.

-Ал өзіңіз би жағынан қаншалықты шыңдалып жатырсыз? Алдағы уақытта, халықты бимен таң қалдыратын ойыңыз жоқ па?

- Жоқ, әркім өзіне ұнайтын дүниені жасау керек қой! Бұл - уақытша шоу болғаннан кейін, орындалатын әннің образын ашу мақсатында арнайы талап етілген соң, оның үстіне - халыққа да қызық бір дүние болсын деген оймен билеп көруге тырысып жатырмын. Бірақ, мен - халықты бимен таң қалдырамын деп айта алмаймын. Халық - менің билей алмайтынымды біледі. Бірақ, сонда да әйтеуір, біраз қозғалып қимыл жасап жатқаным, халыққа ұнап жатқан сияқты. Би өнері - кей адамдарға оңай нәрсе болып көрінеді. Өз басым, би өнерінің өте қиын дүние екенін түсіндім.

-Мейрамбек аға, жоба басталғалы бері, жұбыңызызбен бірге халықтың жоғары қолдауына ие болып келесіздер. Көрермен тарапынан осындай қолдау көрсетіліп жатқанда, өзіңіз қандай сезімде болдыңыз?

-Аллаһқа шүкір, жобаның бірінші айналымынан бастап, біз халықтың қолдауымен келе жатырмыз. Менің сеніп отырғаным да сол -халық.

-Ал әділ қазылардың бағалауына өз көңіліңіз тола ма?

-Шынымды айтсам, әділ қазылардың жанымыздағы жұптардың қандай әдемі орындап шыққан нөмірлерін әділ бағаламай жатқан кездері болды. Бірақ, біз - әділ қазылар үшін, жұмыс істеп жатқан жоқпыз. Ең бастысы, жобадағы өзімізге берілген тапсырманы ойдағыдай орындап, халық көңілінен шықсақ болғаны.

-Халықтың сіздерге қоятын бағасын телеэкранға түсірілімнен бұрын біліп аласыздар ма?

-Жоқ. Бір апта өткен соң, арнайы түсірілім кезінде бірақ білеміз.

-Жобадағы өзіңізге ұнайтын жұптардан кімдерді атай аласыз?

-Өзіміздің топтағы жұптардан айтатын болсам- Парвиз бен Әлия, Ақжол мен Гүлбаһрам, Лидия апай мен Лидо жақсы өнер көрсетіп жатыр. Сәкен мен Әйгерім де жақсы өнер көрсетуге тырысуда, бірақ, әділқазылардың оларға неге сонша төмен көрсеткіш беріп отырғандарын түсіне алмадым.

-Шоудың бірінші айналымындағы «Бұлбұл құс» әнін орындауларыңыз көпшіліктің сыни пікіріне ұшырады. Меніңше де, сол жолы дауысыңыз бір түрлі қобалжып, сенімсіздікпен шығып тұрғандай көрінді. Өзіңіз осы жайлы не айтар едіңіз?

- Ең бірінші рет болған соң ба, әрине, қобалжу болды. Сол жолғы орындауыма -өзімнің де көңілім толмады. Оның үстіне, ол әнге - жобаның басындағы ұйымдастырушылардың ұсынған тізімі бойынша таңдау жасадық. Сол тізім бойынша, басқа әнді таңдау мүмкін де болмады. Оң жамбасымызға келетіні осы - «Бұлбұл құс» әні болды. Бірақ, кейінгі айналымдарда ән таңдау еркі өзімізге берілді.

-Ал үшінші айналымда әділ қазылар алқасы тарапынан төмен баға алып қалдыңыздар. Өзіңіз осы бағалау әділ болды деп ойлайсыз ба?

-Бұл үшін, өз-өзіме қатты ренджідім. Себебі, әнді таңдадық та, Сәулеге «сөзін жаттай бер»- дедім. Сол күйі мен қалада болмадым. Арасында Сәуле ауырып, ауруханада жатты. Сөйтіп, Сәуле екеуіміз түсірілім болатын күні бірақ кездестік. Өзім де би дайындауға уақытымыздың жетпейтінін білдім де, жай дуэт болып орындайтын ән болса деп ойладым. Осылайша, «Куә бол» әніне таңдау жасадық. Әйтпесе, махаббат жайлы басқа әндер де көп қой. Бірақ, « Куә бол» әні де өте керемет әндердің бірі. Ол - әділқазыларға ұнамаса, халыққа ұнауы мүмкін. Халыққа ұнамаған дүние, әділқазыларға ұнауы әбден мүмкін ғой! Өзім де іштей: «біз сахнада ештеңе істеген жоқпыз, билемедік те, тек әнді дұрыстап орындап шықсақ болды. Соған қарайтын болар»- деп ойладым. Бірақ, әділ қазыларға біздің орындауымыз ұнамады-ау деймін. Ал енді, сол айналымдағы басқа жұптар шынымен де өз әндерін өте әдемі орындап, халыққа тамаша өнер ұсына білді. Ал, әділқазылар сол айналымдағы үш жұпқа бірдей тоғыз ұпайдан қойды. Менің ойымша, Сәкен мен Әйгерімге жоғары баға қоюлары керек еді. Өйткені, Сәкен рэп айтып, қатты талпынып, өзін басқа қырынан өте жақсы көрсете білді. Оларға әділқазылардың төмен баға қойғаны дұрыс болмады.

-«Екі жұлдыз» жобасына өзіңіздің көзқарасыңыз қалай?

-Жоба - бас кезінде ұнамайтын еді. Бірақ, қазір өзім де мыңдаған көрерменнің алдындағы жауапкершілікке немқұрайлы қарай алмаймын. Сол себепті, жобаға дайындық «адреналин» тәрізді болып кетті. Өте қызық… Жанымдағы жұптардың да әр айналым сайын, түрлі образға еніп, ән орындап жатқанын көріп қатты қуанамын. Осы жағынан алғанда, бұл жоба маған кәдімгідей ұнап қалды. Себебі, жобаның осындай мақсаты болмағанда, ешкім ешнәрсе көрсетпейтін еді ғой!

- ВИА «МузАРТтың» жеке шығармашылығында қандай жаңалық бар?

-Аллаһ қаласа, жаңа әндерімізбен еліміздің Батыс өңірлеріне гастрольдік сапарға шыққалы жатырмыз.

-Өзіңіздің өнеріңізді бағалап, қолдап жатқан тыңдарманыңызға айтар тілегіңіз қандай?

-Халыққа айтар рахметім шексіз! Мен - халқыма ризамын! Тіпті, халқыма айтар алғысымды қалай жеткізерімді білмеймін?! Көпшілігі «бізге дауыс беріңіздер»-деп айтып жатыр ғой. Менің де халыққа айтарым - сол. Әрине, егер біздің нөміріміз ұнап жатса! Бір шетінен, өзім де халыққа сендім, нөміріміз жаман болып жатса да, халқым қолдайтын шығар деп ойладым. Халқымның мені қолдайтынына сенемін!

-Әңгімеңізге көп-көп рахмет! Әрдайым жеңісте болуларыңызға тілектеспін!


Сұхбаттасқан: Айнұр Қанатбекқызы


«Жұлдызбен сұхбат» журналынан

 
Категория: Сұхбаттар | Добавил: Batman
Просмотров: 1689 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 BoWsearyreorm  
0
ОДНОКЛАССНИКИ ЗНАКОМСТВА

Имя *:
Email *:
Код *:

сайт топтары
Сұхбаттар [10]
Клиптер [0]
Әндер [0]
Ән жазулары [0]
кинолар [0]
Жаңалықтар [1]
Біздің чат
Біздің сұрақ
Сайтқа не қосу керек?
Всего ответов: 184
Санақ

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0