Приветствую ВасГость
Сайты кім алад айтындар тегін берем
Последние ответы форума
Тема Дата, Время АвторРаздел
фыа 27.08.2010, 12:41 Batman ddddddddddddddd
Оқу
ывфыв 27.08.2010, 12:41 Batman ddddddddddddddd
Оқу
вфывфы 27.08.2010, 12:41 Batman ddddddddddddddd
Оқу
dsad 27.08.2010, 12:40 Batman ddddddddddddddd
Оқу
asd 27.08.2010, 12:17 Batman ddddddddddddddd
Оқу
dasda 27.08.2010, 12:16 Batman ddddddddddddddd
Оқу
dsadasd 16.08.2010, 13:47 Batman ddddddddddddddd
Оқу
asdasdas 16.08.2010, 13:47 Batman ddddddddddddddd
Оқу
вфыв 25.04.2024, 04:02 rabotampru ddddddddddddddd
Оқу
Главная » Файлы » Сұхбаттар

Мәдина Садуақасова: Өзгеше болғым келеді….
16.06.2010, 09:52
– Мәдина, бір сұхбатыңызда «Маған жігіттерден гөрі қыздар көбірек хат жазып, хабарласады» депсіз. Бұл сұлу болуға ұмтылған арулардың ілтипаты шығар сізге деген. Жалпы сыртқы әдеміліктің құпиясы неде?
– Күтінбеймін деп айта алмаймын. Сән салондарына жиі барып, түрлі маскалар мен массаждар жасатып тұрамын. Аса қымбат косметикалық тауарлар қолданбаймын. Сосын әдеміліктің басты құпиясы – дұрыс тамақтана білуде. Дәрумендері мол тағамдар, көкөніс, жеміс-жидектер жесең, бетің де әдемі болып көрінеді. Ағарғанды көп ішкен жөн. Мысалы, мен неге екенін білмеймін, шұбатты көп ішемін.
– Бұл енді Қызылорданың қызы болғандығыңыздан шығар.
– Мүмкін. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген осы шығар. Меніңше, тамақтану да – табиғатыңа, ұлттық болмысыңа байланысты. Қытайлар үшін бақа-шаян пайдалы болғанымен, біз оны жей алмаймыз ғой. Сондай-ақ, бет-жүзің, денең жұмсақ болып тұру үшін қаймақ жақсаң пайдасы зор, әсіресе, терілері құрғақ қыздарға. Өзім аптасына екі рет бетіме, денеме қаймақ жағамын. Әбден кеуіп, тері тырысқанша, жумаймын.
- Үнемі көңілді, ерке көрінесіз. Бала күніңізден осындайсыз ба?
– Мінезім ашық-жарқын. Бала күнімнен менде адамдарға деген комплекс жоқ болатын. Тез араласып, өз ойымды ашық жеткіземін. Кішкентай кезімде актриса болғым келген. Драма театрға «актриса етіп алыңыздаршы» деп барсам, «қазақшаң дұрыс емес» деп қабылдамады. Сосын көлеңке театрына бардым. Онда ақ матаның артында тұрып көлеңкемен өнер көрсетеміз. Бірде анама: «Мен бүгін театрда роль ойнаймын, барыңыз» деп, қоярда қоймай театрға шақырып кеткенмін. Театрдан қайтар кезде «мама, қалай болды?» десем: «Сені көрген жоқпын ғой» дейді. «Мама, матаның арғы бетіндегі отпын ғой мен. Оттың жанғанын, өшкенін бейнелеген – мен» дедім. «Е, мен сені сахнаға шығады немесе құрығанда сөйлейді екен десем» деп, әбден күлген. Сіз де айтып отырғаныма қазір күлесіз, от болып, оның лаулағанын, бәсеңсігенін көрсету оңай емес. Отбасым келер болсақ, Қызылорда қаласында туып-өскем. Үйдің үлкенімін, менен кейін екі сіңлім, бір інім бар.
– Соңғы кезде телевизия саласына бет бұрдыңыз. Ал өзіңіздің негізгі мамандығыңыз қандай?
– Менің музыкалық білімім бар, дирижермін. Психологияны оқып, диплом алғам. Қазір ҚазҰУ-да журналистика факультетінің 1-курс студентімін. Телевизияда жүргесін бе, мені сонда өздері арнайы оқуға шақыртқан. Бірақ, өзімді тек музыка маманымын деп айта аламын.
– Ел арасында Азамат Сатыбалды екеуіңіздің байланыстарыңыз турасында сөз көп. Кейбір баспасөздер «айғайлатып» жазып та жатыр. «Азамат пен Мәдина бір-біріне ғашық екен» дейді. Осы сөз қаншалықты рас?
– Ой, бұл соңғы кезде маған ең көп қойылған сауал. Қалай айтсам екен, Азамат… ол өте ақылды, өте білімді, өте талантты, бір сөзбен айтқанда – нағыз ер азамат. Өйткені, іссапарларға бірге шыққанда байқағаным – ол қыз баласын да, үлкендерді де ерекше сыйлай алады. Тәрбиелі жан. Кез келген қыз ғашық болатындай-ақ жігіт. Бірақ мен оның осы қасиеттерінің бәріне қарамастан, оған жігіт деп емес, дос, әріптес деп қараймын. Арамызда «бірдеңе» болуы мүмкін емес. Көрермен Жанатбек үшеумізді «Таң қалмаңыздың» триосы» деп атайтын болыпты. Бір-бірімізге тату-тәтті, достық пейілде қараймыз. Осындай әріптестерімді мақтаныш көремін. Олар мені алға жетеледі. Қазақшамның жетілуіне, телевизияға төселуіме Азамат та, Жанатбек те көп ықпал етті. Үшеуміздің арамызда таза достық қана бар.
- Отбасы болып араласып тұрасыздар ма?
– Отбасы болып араласамыз, қайсысымен болсын. Мысалы, Жанатбек үйленгенде, сонау Жетісайдың бір шетіндегі ауылға келіншегі Айнұрды келін қылып апарып бердік. Қазір кішкентайы Жаннұрмен бірге келіп тұрады. Азаматпен де солай. Бір-біріміздің қуаныштарымыздан қалмаймыз. Өткен жылы отыз жасқа толғанымда, екеуі керемет туған күн кешін жүргізіп берді. Тағы да қайталап айтамын – біздің арамызда тек достық махаббат. Менің адамдардың пендешілікке салынып, адал достықты кірлетпегенін қалаймын. Өзім адалдықты жақсы көретін адаммын. Ата-ана, әріптестеріммен болсын арамызда тазалықтың сақталғанын қалуына ынталымын.
– Әлгінде Азамат екеуіңіздің байланыстарыңыз турасында сауал қойғанымда, журналистердің осы сауалына жауап беруден жалыққаныңызды байқатып қалдыңыз. Ал өзіңіздің жалықпай әңгімелесетін тақырыбыңыз бар ма?
– Адамның өмірі, махаббаты. Мен адамдармен сөйлескенді, жеке тағдырына үңілгенді, қиналғандарға, рухани жәрдем бергенді ұнатамын. Өйткені, менің екінші мамандығым психолог қой. Ашылып әңгімелескен жақсы. Маған «Мәдина, сен жеке өміріңді жария ете бермейсің, тереңдетіп ашпайсың» дейді. Меніңше, бәрі ашық, бәрі анық сияқты.
- Отбасыңыз турасында көп айтпайсыз ғой…
– Тұрмысқа шыққанымды бастапқы кезде айтқым келмегені – жолдасым маған талап қойды. Яғни, ол: «Мен туралы айтудың қажеті жоқ. Маған ондай ұнамайды» деді. Оныкы де дұрыс шығар. Іштей берекенің сақталуына ықпал етеді.
- Сіз үшін рухани әлемді жетілдіру деген не?
– Рухани жан-дүниенің жетілуіне көп нәрсе ықпал етеді. Театрға бармағаныма да біраз болып қалыпты. Азамат өзі ойнайтын «Гамлет», «Сұлу мен суретші» спектакльдеріне шақырып жүр. Қолым қалт етсе, барамын. Кітапты көп оқып жүрмін, әсіресе, діни кітаптарды. Қазір діни әңгімелер жиі қозғалатын болды ғой. Мен де дінді зерттегім келеді, қызығамын. Бүгін ғана Жеңіс Сейдулла «Меккеге бір жетіге бір кісілермен барып келесің бе?» деп хабарласты. Аздаған шаруаларым бар еді соны бітірсем, Меккеге барып келу жоспарымда бар. Жалпы адамның ішкі жан-дүниесін байытатын – адам. Адамдармен көп араласқан жөн. Әрбір адамнан міндетті түрде тәрбие, білім, өнеге аласың, сонымен қатар, жиренетін жерінен жиренесің.
– Қай әншімен сұхбаттасақ та, сұхбаттарын оқысақ та, дін тақырыбында әңгіме қозғайды. Шамасы, араларыңызда «акция» жүріп жатыр-ау деймін…
– Мен «бес уақыт намаз оқып, дінге құлай беріліп, өнерді тастап кетемін» деп айта алмаймын. Өнерді тастап кеткен кейбір өнер адамдары, бұрынғы әріптестерін көргенде: «Ән айтып, секеңдеген шайтан» деп айтқандарын естідім. Меніңше, ән айтқан айып емес. Әніңмен біреуге қуаныш сыйлап, жақсы ой салып жатсаң, оның несі жаман? Ән айтқанда, біріншіден, өзім ләззат аламын, екіншіден, біреуге қуаныш сыйлаймын. Тыңдармандарым мені көргенде «Мәдина» деп сыйлап жатады. Күнәсіз, пәк емеспін. Бірақ, біреуге жамандық ойламаймын, қиянат келтірмеймін. «Иман – жүректе» дегенге қосыламын. Әншілердің арасында дін тақырыбындағы әңгімелердің жиі айтылғанына қуанамын. Бұл ешқандай сән де, бетперде де емес. Бәрі дұрыс, солай болуға тиісті дүние.
– «Екі жұлдыз» жобасының екінші кезеңінде сізді көруіміз мүмкін бе?
– Дәл бүгін «Екі жұлдыздың» продюссері Динара Адамнан арнайы адамдар хабарласты. Қатысып қалуым әбден мүмкін. Жалпы маған жоба ұнады. Әрқашан бір образда болғанға үйреніп қалғанбыз. Мейрамбектің «Кукареланы» айтып билеп шыққаны қандай қызық?! Көздері жайнап тұрды. Біртоға Мейрамбекті сан қырынан көру ғажап болды. Жобаны жоққа шығарғысы келетіндерді қолдамаймын. Мінсіз нәрсе болмайды. Бұл бірінші рет болды ғой. Осындай жобалар көп болса екен. Бірақ, қазақтың «біткен іске сыншы көп» деген сөзін де ескеріп, көп өкпелей беруге болмас.
– Соңғы кезде авторлық құқық мәселесі шешімін табатын сыңайға ұқсайды. Енді кез келген әншінің әні кафе-барларда, мейрамханаларда орындалса, тыңдалса, әншінің де қалтасына азын-аулақ тиын түседі-міс…
- Ақшасын да, тиынын да көрмеппіз осы уақытқа дейін.
– Ал осы авторлық құқық сақталса, әншілер де тойға баруын азайтатын шығар…
– Тойға барудың не жамандығы бар? Той жайында айтатыным – онда тұрған ештеңе жоқ.
- Тегін тойға барасыз ба?
– Тегін той, тегін концертке ең жиі баратындардың бірімін. Біреу маған күшті етіп, әңгіменің майын тамызып, іші-бауырыма кіріп кетсе, ақшасына қарамай, көңілденіп кетіп, тегін жерге бара беремін.
- Сізді бай тұрады деп естиміз…
– Өзім де: «Мәдина Садуқасова масқара бай тұрады екен» деген әңгімені естігем. Мұның неден шыққанын да білемін. Өйткені, «Хабар» агенттігі мерекелерге орай екі фильм түсірді ғой. Соның екеуінде де мен басты рольдердегі бай қыздың, ханшайымның бейнесін сомдаймын. Соған қарап әсерленген көрермен, осындай ойды саналарына сіңіріп алған шығар. Жалпы өзім қарапайым тұрамын. Жақында ғана Алматыдан жеке пәтер сатып алдым, жеке көлігім бар. Бұрын сіңлілеріммен бірге тұрғанмын. Жалғыз тұрып та көргім келеді. Кім біледі, шыдай алмай қыздардың жанына «қашып» баруым да ғажап емес.
- Бала күндегі арманыңызға қол жеткіздіңіз бе?
– Мен арманға бай адаммын. Әйтеуір уақыт өтеді, арманым орындалады. Қазір екінші өмірімді бастап жатырмын десем де болады. Екінші демім ашылды.Соған орай арман да көп.
- Ырым-тиымдарға сенесіз бе?
– Аса ырымшыл емеспін. Бұрын ырымшыл болғанмын. Психологияны оқығаннан кейін түсінгенім – ырым дегенді адам өз санасындағы қиялдан, сенімнен жасап алады екен. Бірақ, қазақтың өзінің көнеден келе жатқан жақсы ырымдары да бар, оған сенуге болады. «Қызыл әмиян ақша әкеледі», «жасыл байлықтың түсі» деген секілді сырттан келгендерге сенбеймін.
- Хоббиіңіз бар ма?
- Хоббиім – менің жұмысым.
– Гардеробыңызда қандай стильдегі киімдердің үлес салмағы басым?
– Әртіс көйлектері. Кейде күнделікті киетін киімдер таппай қиналамын. Сосын қара түсті киімдерім көп екен. Бұл енді жинақы жүруді жақсы көретіндігімнен шығар. Ал, сөмкелерім көп емес, бірақ, формалары өте үлкен болып келеді. Әрбір қыз өз бойындағы кемшілікті және артықшылықты білгені жөн. Кемшілігін жасырып, артықшылығын асырып көрсету керек. Мысалы, менің бойым 157 см. Қысқалығымды білдірмес үшін үнемі биік өкшелі аяқ киімдерді таңдаймын. Айтпақшы, бала күнімдегі бір орындалмай қалған арманым – «бойым ұзын болып өссе екен» деген арман еді.
– Тағы бір сұхбатыңызда «2010 жыл маған әйел бақытын әкелсе екен» депсіз. Әйел бақыты дегеніміз не өзі?
– Отбасы құрып, бала сүю шығар. Мен 2009 жылдың аяғында үш жыл бірге тұрған жарыммен заңды түрде ажырастым. Оны ешқашан кінәламаймын. Түркістан қаласындағы қарапайым отбасынан шыққан текті жігіт болатын. Алайда, біздің мінезіміз жараса қоймады. Әйел бақытын толық сезінгенде, мен сізге тағы бір сұхбат берейінші.
- Жуық арада сізден қандай шығармашылық жаңалық күтеміз?
- Жаңа стильдегі әндер жазамын. Басқаша болғым келеді.
– Кейбір әншілеріміз жаңалық енгіземіз деп, сын садағына ілігіп қалып жүр. Сізде ешқандай қорқыныш жоқ па?
- Ақырындап бастап көруге болады. Жүрексіну де бар.
– Әңгімеңізге рахмет. Әдемі әніңізбен, әдемі күлкіңізбен елді қуанта беріңіз!

Ж.Аймаханқызы.
«Ақ желкен» журналынан
Категория: Сұхбаттар | Добавил: Batman
Просмотров: 2988 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:

сайт топтары
Сұхбаттар [10]
Клиптер [0]
Әндер [0]
Ән жазулары [0]
кинолар [0]
Жаңалықтар [1]
Біздің чат
Біздің сұрақ
Сізге қандай сайт ұнайды
Всего ответов: 163
Санақ

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0