Приветствую ВасГость
Сайты кім алад айтындар тегін берем
Последние ответы форума
Тема Дата, Время АвторРаздел
фыа 27.08.2010, 12:41 Batman ddddddddddddddd
Оқу
ывфыв 27.08.2010, 12:41 Batman ddddddddddddddd
Оқу
вфывфы 27.08.2010, 12:41 Batman ddddddddddddddd
Оқу
dsad 27.08.2010, 12:40 Batman ddddddddddddddd
Оқу
asd 27.08.2010, 12:17 Batman ddddddddddddddd
Оқу
dasda 27.08.2010, 12:16 Batman ddddddddddddddd
Оқу
dsadasd 16.08.2010, 13:47 Batman ddddddddddddddd
Оқу
asdasdas 16.08.2010, 13:47 Batman ddddddddddddddd
Оқу
вфыв 16.04.2024, 19:17 rabotampru ddddddddddddddd
Оқу
Главная » Файлы » Сұхбаттар

Мұқасан ШАХЗАДАЕВ, әнші: ӨЗІМІЗ - ПРОДЮССЕР, ӨЗІМІЗ - ДЕМЕУШІ…
16.06.2010, 09:53

Сұхбаттасқан Нұргүл ЖАНҚЫДЫРҚЫЗЫ.
Соңғы кезде «Нұр-Мұқасанды» сахнадан сирек көретін болдық. Неге?

- Шынын айту керек, соңғы кезде бізде саны көп, сапасы жоқ концерттер қаптап кетті. Кім көрінген продюсер, кім көрінген концерт ұйымдастырушы. «Ақша төлейсіңдер ме?» десек: «О не дегенің, қандай ақша?» деп шыға келеді. Біз сонда қашанғы біреуге жем болуымыз керек. Әркімнің өзінің бала-шағасы бар. Әншілер де - басқа жұрт сияқты өз еңбегімен жан бағып жүрген азаматтар. Сондықтан «күріштің арқасында күрмектің су ішкені» ақылға қонымсыз нәрсе. Біз сондай концерт ұйымдастырғыштарға қарсы болдық. «Тық етсе тауыққа тиеді» дегендей әртістерді барлығы кінәлағыш қой, әйтеуір. «Менсінбей кетті», «жұлдыз болып кетті» дегендей әңгімелер айтылып жатса солардың ісі деп білген дұрыс. Концерттерге қатыспай жүргеніміз рас. Қалада болмай қаламыз, басқа да себептері бар.

- «Нұр-Мұқасан» тобы жайлы айтқанда, әйгілі «Дос-Мұқасан» еске түседі. Осы топтың атауына, әрі сіздің есіміңіздің Мұқасан қойылуына әйгілі ансамбльдың қатысы жоқ па?

- Қатысы бар. Мен дүниеге келген 1972 жылы «Дос-Мұқасан» ансамблінің дүрілдеп тұрған кезі екен. «Дос-Мұқасан» біздің ауылға гастролдік сапармен келген кезде әкем оларды шаңырағына шақырып, маған Мұқасан деп ат қойған.

- «Бауыржан-шоудың» құрамында жүргенде «Нұр-Мұқасанның» термелерін жұрт құмарта тыңдаушы еді. Қайтадан терме айту ойда жоқ па? Мәселен, Мейрамбек Беспаев термелерден жеке альбомын шығарды. Оны ел де жылы қабылдап, «Мейрамбекке тек терме айтқызу керек екен-ау» десті жұрт. Сол сияқты «Нұр-Мұқасанға» да терме айтқан жарасады, біздіңше.

- Әрине, терме айтқан жақсы. Терме - сонау ата-бабамыздан келе жатқан, ешкімге ұқсамайтын өзіндік бір салт-дәстүріміз. Қазір термені орындап шығудың қисыны келмей тұр. Сазгерлерге бұрынғы біз орындаған «Не пайда?» деген сияқты терме жазып беруге ұсыныс айттық. Ал дәл қазіргі уақытта репертуарымызда ақын-сазгер Арман Дүйсеновтың термесі бар. Бірақ әлі толық аяқталған жоқ. Биылғы барыс жылы тобымыздың құрылғанына 20 жыл толады. Сол кезде орындауымыз мүмкін.

- Тойларыңыз құтты болсын! «Нұр-Мұқасанның» 20 жылдығына орай концерт ұйымдастыратын шығарсыздар?

- Алла қаласа, үлкен концерт жасасақ деген ойымыз бар. Ол үшін үлкен дайындық, қомақты қаржы керек екені сөзсіз. Концерттің алдында гастрольдік сапармен еліміздің біраз аймақтарын аралап қайтуымыз мүмкін.

- Әншілер «гастроль, концерт, той» деп жүріп біраз ақпараттан қалыс қалып жатады деп естиміз. Өзіңіз театр, кинотетр, мұражай, кітапхана сияқты жерлерге бас сұғып тұрасыз ба?

- Шынын айтсам, М.Әуезов театрына бармағалы 2 жылдай болыпты. Соңғы рет Ғ.Мүсірепов атындағы жастар театрына бардым. Барғым-ақ келеді, уақытымның қисыны келмей жатады. Неше күннен бері өзіңізбен кездесудің сәтінің түсіп отырғаны осы. Үйдегі жеңгеңіз «жақсы кинолар жүріп жатыр екен, кинотеатрға барайықшы» деп күнде айтады. Кинотеатрдың өзіне бармағалы, міне, бес-алты айдай болып қалыпты.

- Кітап оқуға да уақыт жоқ шығар?

- Шынымды айтсам, мен қазір қайталап М.Әуезовтың «Абай жолын» оқып жатырмын. І-томын аяқтадым. Бала кездегі зейінім мен қазіргі зейінімді салыстырып, тексеріп көру үшін.

- Жақсы көретін ақын-жазушыңыз бар ма?

- Ол бастан сүйікті ақыным - Мұқағали Мақатаев, жазушым - Мұхтар Әуезов. Ал ақындардан айтыскер ақын Ринат Зайытовты, Бекарыс Шойбековты өте жақсы көремін. Қазір Ринаттың біраз өлеңдеріне ән жазу үстіндеміз. Ринаттың «Сүйіктім», «Алыстап кеттің» деген әндері қазір орындалып жүр.

- Сүйікті спортыңыз қандай?

- Сүйікті спортым - футбол. Кешкісін футбол ойнағанды ұнатамын. Достарымызбен аптасына екі рет футбол ойнап тұрамыз. Қалада болып, қолым тиіп жатса футболдан қалмаймын.

- Өмірде жиі қайталап жүретін қанатты сөзіңіз қандай?

- Бір Аллаға сенетіндіктен, «Аллаға тәуба» деген сөзді жиі қайталап жүремін. Азсынбаймын, көпсінбеймін.

- Продюссерлеріңіз, демеушілеріңіз кім?

- Продюссеріміз де, демеушіміз де жоқ. Өзіміз - продюссер, өзіміз - демеуші.

- Шәкіртіңіз бар деп естідік?

- «Стил БР» деген топқа жетекшілік етіп жүрмін. Топтағы Бауыржан деген ініміз былтыр көлік апатынан дүние салды. Қазір оның орнына Самат деген жігіт алдық. Жаңа жұмыстар бастап жатырмыз. Көктемге дейін клиптерін түсірсек деген ойымыз бар. Сосын жеке ән орындайтын Ілияс Байбосынов деген шәкіртім бар.

- Бейнеклип демекші, «Нұр-Мұқасанның» бейнеклиптері қайда түсіріліп жүр?

- Алматыда да, Ташкентте де түсірдік. Ал «Қос қарлығаш» Шымкент қаласындағы «Жебе» мультипликация студиясында дүниеге келді.

- «Қос қарлығаштан» кейін жаңа бейнеклиптеріңізді байқамадық.

- Бейнеклип түсіру ісі жоспарда бар. Бәрі келіп қаржыға келіп тіреліп отыр.

- Қаржы дегеннен шығады, қазір өнер адамдарының көпшілігі, безнеспен шұғылданып жүргенін білеміз.

- Аллаға тәуба, біреуден артық, біреуден кем емеспін. Ешкімнен нан сұрап жүрген жоқпын. Бала-шағамыз аман, киіміміз бүтін. Өнер институтын бітіргенмін. Сол бойынша өнерге қызмет жасап келемін. Кейде бизнеске де кеткім келеді. Бірақ, халық оны дұрыс түсіне бермейді. Артыңнан түрлі сөздер ілеседі. Бірақ бір Алла бойымызға осындай талант бергеннен кейін, әзірше тек осы өнерден нәпақамды тауып жүрмін. Ал өнер мен бизнесті қатар ұстау оңай нәрсе емес. «Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді» деген бар, сол жағынан қорқасың. Әзірше нақты атқарып жүрген кәсібім жоқ. Өнерім - наным.

- Жаңа жыл қарсаңында қала мектептеріне барып қайырымдылық концертін қойыпсыздар. Өзгеге қол ұшын беру сіздің ұстанымыңыз деп есептесек бола ма?

- Артылып жатса біреуге көмек көрсетуге не жетсін?! Құрбан айт кезінде кішкентай балаларға арнап концерт қойып бергеніміз рас. Қолымыздан ән айту келетін болса, одан неге бас тартуымыз керек. Ән айтып, көңілдерін көтеріп, қайтқанға не жетсін?!


Сұхбаттасқан Нұргүл ЖАНҚЫДЫРҚЫЗЫ.
Категория: Сұхбаттар | Добавил: Batman
Просмотров: 2218 | Загрузок: 0 | Комментарии: 24 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:

сайт топтары
Сұхбаттар [10]
Клиптер [0]
Әндер [0]
Ән жазулары [0]
кинолар [0]
Жаңалықтар [1]
Біздің чат
Біздің сұрақ
Сізге қандай сайт ұнайды
Всего ответов: 163
Санақ

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0