Приветствую ВасГость
Сайты кім алад айтындар тегін берем
Последние ответы форума
Тема Дата, Время АвторРаздел
фыа 27.08.2010, 12:41 Batman ddddddddddddddd
Оқу
ывфыв 27.08.2010, 12:41 Batman ddddddddddddddd
Оқу
вфывфы 27.08.2010, 12:41 Batman ddddddddddddddd
Оқу
dsad 27.08.2010, 12:40 Batman ddddddddddddddd
Оқу
asd 27.08.2010, 12:17 Batman ddddddddddddddd
Оқу
dasda 27.08.2010, 12:16 Batman ddddddddddddddd
Оқу
dsadasd 16.08.2010, 13:47 Batman ddddddddddddddd
Оқу
asdasdas 16.08.2010, 13:47 Batman ddddddddddddddd
Оқу
вфыв 28.03.2024, 16:26 rabotampru ddddddddddddddd
Оқу
Главная » Файлы » Сұхбаттар

Қайрат ТҮНТЕКОВ: «Футбол - менің екінші демім…»
16.06.2010, 09:29
(103.51 Kb, 203x302)-Қайрат,«Екі жұлдыз» жобасына қалай келдіңіз?

-Аталмыш жобаның продюсері қоңырау шалып, «Біз сізді құттықтаймыз! Сіз «Екі жұлдыз» жобасына қатысасыз»- деп айтты. Бірақ, ол кезде жұбымның кім екенін айтпады. Кейіннен, жобаға қатысу жайлы арнайы құттықтау қағаз келгенде, жұбымның - Линда Нығматуллина екенін бірақ білдім.

-Линда негізінен өнерлі отбасынан шыққан актриса ғой. Дауысы да әп-әдемі екен. Жұптарыңыз сәтті сияқты..?

-Шынымды айтсам, бас кезінде Линдамен жұмыс істеудің өзіндің қиындығы болғаны рас. Өздеріңізге мәлім, Линда -Ресейлік бірнеше телехикаяларға, фильмдерге түскен киноактриса. Линданың Мәскеуде тұрып, қызмет атқарып жатқанына бес жылдай уақыт болған. Неге екенін білмеймін, бастапқыда екеуіміздің тіл табысуымыз қиынға соқты. Әншілік жүгі менде болғаннан кейін, басында бір-екі аптадай ән салуды Линдаға түсіндірумен болдым. Ал жобаның бір-екі айналымынан кейін, барлығы ойдағыдай бола бастады. Қазіргі уақытта, анда-санда келіспеушіліктер болып қалады, бірақ, жалпы алғанда барлығы өте жақсы. Біздің мақсатымыз - өзіміздің орындайтын әндерге ойдағыдай дайындалып, халықтың көңілінен шығатындай өнер көрсету.

-Әндерді көбінесе, кім таңдайды?

-Әнші болғандықтан, ән таңдауда негізгі ұсынысты мен жасауым керек. Ол да өз пікірін айтады. Мысалы, үшінші айналымдағы тақырып - әлемдік хит әндерді орындау болды. Осы тақырыпқа орай, біз Майкл Джексон мен Pussycat Dolls тобының әнін қосып, орындап шықтық. Дегенмен, қазіргі таңда, екеуіміздің пікіріміз, көзқарасымыз бір жерден шығып жатыр.

-Ал тіл мәселесіне байланысты қиындықтар туып жатыр ма? Әсіресе қазақша әндерді орындау кезінде…?

-Негізі барлығы да адамның өзіне байланысты екен ғой. Мен басындай ойлайтынмын: «бітті, мен оған қазақша үйрете алмаймын-ау» деп. Өйткені Линда қазақша мүлдем түсінбейді. Бастапқы сахнаға шыққан кезімізден-ақ, «Тамшыларды» орындап шыққан кезде Линданың еңбекқор екенін байқадым. Әр дайындықтан әр дайындыққа - өзін жақсы көрсетуге тырысуда. «Қалай жаттайсың» десем, «қоя берші» дейді. Сөйтсем, ол көлігінде күні бойы қазақша өлеңді қойып, соны тыңдап, бір сөзбен айтқанда тілді жаттауға қатты тырысады екен. Шын ниетімен, «Қайрат ұятқа қалып қалмасын» деп, барынша талпынады екен. Өзінің қайсарлығына орай, Аллаһқа шүкір, барлық тапсырмаларды жақсы алып шығып келе жатыр.

- Қайрат, сіз әншілікпен қоса, өзіңізді тағы да актерлық қырыңыздан танытып жүрсіз. Жақында «Жиырма бес теңге» фильмінде басты рөлдерінің бірін сомдап шықтыңыз. Бас кейіпкерді ойдағыдай сомдай алдыңыз ба?

- Менде Линданыкіндей актерлық шеберлік жоқ. Өйткені мен оны кәсіби деңгейде оқыған жоқпын. Анау айтқандай зор болмаса да, тәжірибені - өмірден алдым. Шет елдің жұлдыздарына қарап отырып, жаттап, солардан үйренуге тырыстым. Бұл фильмде мен басты рөлдердің бірінде, «Шумахердің» рөлін сомдап шықтым. Халықтың айтуынша, жақсы ойнап шықтың дейді. Ал мен соған таңқалып, іштей қуанып қалдым. «Менің де қолымнан келеді екен ғой» деген сияқты, өз-өзіме деген бір жылы сенім пайда болды. Себебі, болашақта, менің де актер болғым келеді…

-Өзіңіздің жеке шығармашылығыңызда қандай жаңалықтар болып жатыр?

-Ағылшын тіліндегі «Baby» атты әнге Алматы қаласында бейнебаян түсірдім. Осы бейнебаян жайында «Не үшін ағылшын тілінде, неге қазақ тілінде емес? Қазақша айтатын ән таусылып қалған ба?» деген сыни пікірлер көп айтылып жатыр. Барлығымыз Қазақстанның шоу- бизнесін дамыту үстіндеміз. Менің де ағылшын тілінде ән айтуымның басты себебі сол -жаңаша түрде шығарып көрейін дедім. Бейнебаян өте сапалы түсірілген деп айта аламын. Ал енді, тағы да айтатыным, ендігі бейнебаяным қазақша әнге түсіріліеді. Өйткені, мен әр істеген ісімді таразылап отырамын, ол таразы бір қалыпта тұру керек. Болашақта жеке үнтаспамды шығарсам деймін. Оған тек қана ағылшынша орындайтын әндерімді ғана емес, ана тіліндегі әндерім де аралас түрде енетін болады.

-Қазір сіз қатысып жүрген «Екі жұлдыз» жобасындағы ең үздік жұп деп, немесе мықты қарсыластар кімдерді атай алар едіңіз?

- Бір сөзбен айтқанда, мен оның ешқайсысын бір-бірінен бөліп-жарып атай алмаймын. Жобадағы барлық жұптар ұнайды. Шынымды айтсам, алдыңғы айналымда Ләйлә Сұлтанқызы мен Алмас Кишкенбаев шығып кеткенде, жүрегім ауырып кетті…

-Ал жеке өміріңізде қандай өзгерістер бар? «Он үште отау иесі» демекші, отбасын құру ойыңызда бар ма?

-Жеке өмірімде ешқандай жаңалығым жоқ, бір сөзбен әзірге бәрі тыныш десем болады. Отбасын құру ойда жоқ. Сүйіктім де жоқ. Ойымдағы аруды әлі кездестірген жоқпын. Қазіргі таңда мен барлық күшімді, уақытымды осы шығармашылығымды жандандыруға жұмсаудамын. Әрине, үйлену туралы ойланып қоямын. Бірақ, барлығы да Аллаһ Тағаланың қолында, бұйыртса, ол күнге де жетерміз.

-«Екі жұлдыз» жобасында өзіңіздің жұбыңыз Линда мен сіздің араңызда қандай да бір сезім, махаббат пайда болуы мүмкін бе?

-Жоқ, ешқандай махаббаттың да, сезімнің де пайда болуы мүмкін емес. Оған мен өзім жол бермеймін. Себебі, Линданың баласы бар, күйеуі болмаса да жігіті бар. Күнәһар болғым келмейді.

-Өз арманыңыздағы ару қандай болуы керек?

-Ақылына көркі сай, ақкөңіл, таза жүректі қыз болса деймін.

- Ал жалпы өмірде сырласатын достарыңыз көп пе?

-Жалпы, достарың көп болған сайын, олар сенің энергетикаңды сорып ала беретін сияқты. Мысалы, достарың көп болса, сен: «менің достарым көп, олар маған қолдау көрсетіп жатыр» деп ойлайсыз. Ал шындығында, олай емес екен. Шетте жүріп, сені көре алатыны бар, көре алмайтындары да бар. Ал шынайы досың санаулы ғана болады. Сол сияқты, өнердегі де, өмірдегі де досымның бірі - Айбек Байназаров, Данияр Әлжанов, сосын бірге ән жазатын Айдын есімді жігіт. Менің бір айтарым, сондай достарың болса, сен бақыттысың! Басқаларға да айтарым, егер де шынайы достарыңыз болса, сақтап қалыңыздар.

-Тойларға жиі шығып жүрсіз бе?

-Қазір менде продюсер пайда болғаннан кейін, мені тойға көп жібермейді.

-Продюсермен жұмыс істеу қиын емес пе екен?

Өзім «Superstar.kz» байқауынан кейін біраз уақыт бос жүріп қалдым. Өнер жолындағы жолыма кездескен адамдар менің ән айту стилімді, өнерімді түсінбеді. Көңілдерінде «мұнымен ақша істей алмайтын шығармыз» деп, күмән ұстаған адамдар да болды. Өзімді түсінетін адамды таба алмадым. Онымен қоса халық мені ұмытып та бара жатты. Содан күніне кем дегенде үш тойға шығатынмын. Жағдайым да жаман болған жоқ. Ең бастысы, мені отбасым қолдап отырды. Сөйтіп жүргенде бір кісіге жолығып қалдым. Оның маған ұсынған шарттары да ұнады. Ал ең бастысы, бірге жұмыс істейтін адамның өзі саған адам ретінде ұнауы тиіс. Продюсер демеуші табады да, әншінің өмірін әдемі қылады, жағдайын жасайды, бенебаян түсіреді. Менің продюсерім қазіргі таңда осындай жұмыстармен айналысып жатыр.

-Сонда қаржылық жағдайыңызды қаншалықты жақсы деп айта аласыз?

- Мен шет елдегі өнер адамдары сияқты «менің миллиондап жинаған ақшам бар» айта алмаймын. Тапқан ақшам қалтамда жүреді ғой, кем дегенде күніне 5-10 мың теңге жұмсалып кетеді. Ал кейде, қалтаңда мүлде ақша болмай қалатын кездер де болады. Оның үстіне, мен қазір продюсеріммен жасалған келісім-шарт бойынша пайызға жұмыс істеп жатырмын. Концерттен, тойдан белгілі бір пайызын ғана аламын. Бірақ, болашақтан күтетін үмітім зор. Еңбегімнің ақталатынына сенемін.

-Бір кездері: «Менің продюсерім - Мейрамбек Бесбаев» деп айтқан едіңіз. Сонда ол уақыттағы жағдай қалай болды?

-Негізінде, ол кісі менің продюсерім болған жоқ. Ол халық арасында таралып кеткен әңгіме болып кетті. Ең аяғында, «Мейрамбек Бесбаев - Қайрат Түнтековтың продюсері екен» деген әңгіме болды. Мұның анық-қанығына тоқталып өтер болсам, мен жастайымнан мейрамханаларда жұмыс істедім. Сол кездері «МузАРТ» тобының алғашқы шыққан үнтаспаларындағы халық арасында кең танылып жүрген әндерін орындап жүретінмін. Сәкен ағамыздың орындауындағы «Сағым» әнін орындап жүрдім. Кейіннен, өздеріңіз білетіндей, «Superstar.kz»-ке қатысып, жеңімпаз атандым. Бірақ, осы байқаудан кейін, киелі өнердің даңғыл жолына түсетін жолдың көзін таппай, біршама уақыт жүріп қалдым. Осыны байқап қалған Мейрамбек аға маған өзінің ағалық ақыл-кеңесін айтып, әндерімді жаздыруыма көмектесіп, өнеріме бағыт-бағдар берді. Бұл жерде ешқандай келісім-шарт, ресми ештеңе болған жоқ. Ол кісі маған ағалық демеу жасады. Мен Мейрамбек ағаны қатты сыйлаймын, және інісі ретінде менің қолымнан келер жақсылығым болатын болса, еш уақытта аянбаймын.

-Ер азаматқа міндетті мұсылманның бес парызын қалай өтеп жүрсіз?

-Дінге деген көзқарасым өте түзу. Үйден шыққан әрбір сәтімде, дәретімді алып, сүрелерді қайталап оқып, батамды қайырып шығамын. Негізі әрдайым Аллаһ Тағаладан жақсылық тілеп тұру керек. Мен намазға дайындалып жүрмін. Бұл жерде ең алдымен жүрек қалауы керек қой. Соған дайындық керек. Әзірше, шығармашылығыммен бірге оның барлығын бірге алып жүру қиынға соғып жатыр. Сондықтан, алдағы уақытта намазға жығылсам деген ниетім бар.

-Хоббиіңіз қандай?

-Мен мұны бұрыннан бері айтып келе жатырмын, әлі де айтамын, менің сүйікті ісім - футбол ойнау. Футбол - менің екінші демім. Егер де мен әнші болмағанда, мен футболист болып кетер едім. Менің футболға деген құлшынысым, қызығушылығым өте жоғары. Тіпті, теледидардан футбол ойнап жатса, соны өткізіп алмай, міндетті түрде көруге тырысамын.

-Халыққа, өзіңіздің тыңдармандарыңызға тілегіңіз?

-Барша қазақстандықтарға тілерім, әр отбасында бақыт, береке болсын! Қазақстанымыздың экономикасы да, шоу-бизнесі де, халықтың жағдайы да көтеріліп, халқымыздың саны көбейе берсін! Аллаһ Тағала жар болсын!

Сұхбаттасқан: Салтанат Құмабекова


«Жұлдызбен сұхбат» журналынан
Категория: Сұхбаттар | Добавил: Batman
Просмотров: 2182 | Загрузок: 0 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 2
2 Айбек  
0
25 теңге 2 ге тағыда түсесізбе?

1 Айбек  
0
Қайрат аға жұлдыз болуға кім көмек берді және қалай көтерілдіңіз?

Имя *:
Email *:
Код *:

сайт топтары
Сұхбаттар [10]
Клиптер [0]
Әндер [0]
Ән жазулары [0]
кинолар [0]
Жаңалықтар [1]
Біздің чат
Біздің сұрақ
Сізге қандай сайт ұнайды
Всего ответов: 163
Санақ

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0