Приветствую ВасГость
Сайты кім алад айтындар тегін берем
Последние ответы форума
Тема Дата, Время АвторРаздел
фыа 27.08.2010, 12:41 Batman ddddddddddddddd
Оқу
ывфыв 27.08.2010, 12:41 Batman ddddddddddddddd
Оқу
вфывфы 27.08.2010, 12:41 Batman ddddddddddddddd
Оқу
dsad 27.08.2010, 12:40 Batman ddddddddddddddd
Оқу
asd 27.08.2010, 12:17 Batman ddddddddddddddd
Оқу
dasda 27.08.2010, 12:16 Batman ddddddddddddddd
Оқу
dsadasd 16.08.2010, 13:47 Batman ddddddddddddddd
Оқу
asdasdas 16.08.2010, 13:47 Batman ddddddddddddddd
Оқу
вфыв 26.04.2024, 00:16 rabotampru ddddddddddddddd
Оқу
Главная » Файлы » Сұхбаттар

Қайрат Нұртас: «Қолымда ақша тұрмайды…»
16.06.2010, 10:02
-Қайрат, бүгінде шығармашылығыңызда қандай жаңалықтар бар?

-Мен үшін осы 2009 жылдың екінші жартыжылдығы өте сәтті болды. Себебі, «О махаббат» деген фильмге түсіп, әншілікпен қатар өзімнің актерлық қабілетімді де сынап көрдім. Бүгінде Сырым екеуіміз тығыз шығармашылық байланыстамыз. «Асылым», «Махаббат» және «Жаңа жыл» атты жаңа әндер жаздырдық. Сонымен қатар, жақында ғана Сырыммен бірге Ташкентке барып, «Аллаһқа шүкір» атты әнімізге бейнебаян түсіріп қайттық. Бұл бейнебаян алдағы уақытта көрермен көңілінен шығады деген ойдамын. Аллаһ қаласа, жаңа жылдан кейін, Ресейге барып ол жақтың өнер адамдарының қалай жұмыс істейтінін бақылап, бір айға жуық сол адамдармен бірге тәжірибе алмасып қайту жоспарымызда бар.

-«Жаңа жыл өткен соң, Ресейге барып сол елдің өнерін сырттай бақылап келеміз»- деп айтып жатырсыз. Соған қарағанда, алдағы уақытта өз тыңдармандарыңыз сіздің орындауыңызда орысша әндерді де естіп қалуы мүмкін бе?

-Негізінде мен түрік тіліндегі әндерді де орындаймын. Оның үстіне, Ақерке Тәжібаева деген қобызшы әпкем екеуміз Түркияға барып, ондағы жергілікті телеарналардың бірінде түрікше әндер орындаған едік. Шынымды айтсам, орыс тіліндегі әндерді орындау- менің жан дүниеме жақын емес. Сол себепті алдағы уақытта, сахнаға орыс тілді әуендерді орындап шығамын деп ойламаймын.

-Бүгінде еліміздегі әншілердің көпшілігі бейнебаяндарын Ташкент қаласында түсіріп келеді. Сонда біздің елімізде сапалы бейнебаян түсіретін арнайы мамандардың болмағаны ма ?

-Сенесіз бе? Өзбекстанда 15 күннің ішінде бейнебаянды дайын етіп әкелуге болады. Өзбекстан десе, көпшілігі өзбектер түсіреді деп ойлайды. Бірақ, бейнебаянды өзбектер түсірмейді, оны түсіретіндер - кәріс, орыс ұлтының азаматтары. Олар Ресейдің бұрыннан келе жатқан құрал-жабдықтарымен, камерасымен түсіреді. Мен де бейнебаянды көбінесе, Ташкентте түсіремін. Сондықтан да, өзіміздің үйреніп қалған жерімізге барып түсіріп келдік. Бір жағынан, бізге бейнебаянды тез арада шығару керек болды. Ал біздің елде бейнебаян түсірушілер оны түсіру үшін біраз уақытты созып жүріп алады, одан кейін ол бейнебаяның жарай ма, әлде, жарамай қала ма оны бір Құдай біледі. Сондай-ақ, Өзбекстанға барып әндерімізді де өңдейміз. Бүгінде, сол мамандарды Қазақстанға жұмыс істеуге шақырып жатыр. Қарап отырсаңыз, не үшін дәл сол Ташкенттегі кісіні шақырады? Өйткені, олар өз ісінің нағыз маманы болғандықтан деп есептеймін. Сол себепті бұл жағынан мен еш қателесіп жүрген жоқпын деп ойлаймын.

-Қайрат, сіз әншілікпен қатар, өзіңізді актерлық қырыңыздан да көрсетуге тырысып жүр екенсіз. Өзіңіз түскен кинода қандай кейіпкердің рөлін сомдадыңыз? Киноға түсу барысында қандай әсер алдыңыз?

-Өзім Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінде білім алғанмын. Ол жерде актерлық мамандыққа байланысты да тәлім алдым. Бірақ, менің арнайы мамандығым эстрада-вокал бөлімі болғандықтан, мен өзімді кәсіби актермын деп айта алмаймын. «О махаббат» фильмі менің кино әлеміндегі алғашқы қадамым. Соның өзі менің көңіліме үлкен әсер қалдырды. Фильмде мен рекетирдің, яғни жағымсыз кейіпкердің рөлінде ойнадым. Фильмнің режиссері Руслан Байтөлешов, ал продюсері Бауыржан Әлмаханбетов. Әйтеуір, түсірілім тобындағы жігіттердің көңілінен шықтым. Өзіме де сондай ұнады. Сондықтан, Аллаһ қаласа, бұл фильм көпшілік көрерменнің де көңілінен шығатын өте әдемі туынды болады деген үлкен сенімім бар.

- Бұл фильмге түскеніңіз үшін қанша төлемақы алдыңыз?

-Бұл фильмге түскенім үшін, бір тиын да ақы алмаймын. Себебі, кино режиссері мені қызығушылықпен шақырды, мен де фильмге түскенді қызық көріп, тек достық көмек қолымды создым. Сондай-ақ, бұл кинодағы рөлім менің ең алғашқы туындым. Бірақ, осы жақында кино саласында жүрген бір адамдар келіп: «Қайрат, саған рэкетирдің рөлі әдемі жарасады екен!» деп, тағы басқа киноларға түсуге шақырып, өз ұсыныстарын білдірді. Бір қызығы, ол фильмде де осындай бұзақы кейіпкердің рөлінде ойнайтын боламын. Соған қарағанда, мен енді тек қана бұзақы адамның рөлін сомдайтын шығармын (күліп).

-Қайрат, рэкетирдің рөлін сомдауға неліктен сізді шақырды деп ойлайсыз?

-Қандай кино болмасын, ондағы рэкетирдің рөліне тақырбас, денелі адамды қояды. Ал бұл фильмде, кәріс киноларындағыдай, шашты артқа қайырып, бет-әлпетімді келістіріп қойған. Кино түсірушілер дәл осы рөлге мені таңдағандарына өкінбейтін шығар деп ойлаймын. Себебі, өзімнің рөлімді ойдағыдай сомдап шыққан тәріздімін. Дегенмен, әділ бағасын беретін халық. Ал халықтың пікірін- кино көрермендерге жеткен кезде білетін боламыз.

-Халық сізді тек қана жағымсыз адамның бейнесінде көріп, өмірде де сондай бұзақы екен деп ойлап қалады деп қорықпайсыз ба?

-Жоқ, ол жағынан еш қорықпаймын. Себебі, кімнің-кім екенін халық өте жақсы біледі. Ал мен өнерде жүрген соң, өзімді жан-жақты қырымнан сынап көрудемін. Мен ол фильмде жағымсыз адамның образын сомдасам да, ешқандай оғаш қылық жасамаймын. Бұл жерде менің тек түр-әлпетім ғана өзгереді. Бетіме кәдімгі рэкетирлер сияқты тыртықтар салып, көзімнің түсін көк қылып өзгертеді. Ал бірақ, мен киноға түсіп белгілі бір жетістіктерге жетіп жатсам, менің тыңдармандарым бұл үшін қуанбаса, ешқандай ренжімейді деп ойлаймын.



-Қайрат, өзіңіз де естіп жүрген боларсыз, ел ішінде «Қайрат Нұртас пен Сырым Исабаевтың арасында келіспеушіліктер болып, қазір бірге жұмыс істеуді қойды» -деген әңгіме бар. Сондай-ақ, жақында анаңыз әрі продюсеріңіз Гүлзира ханымның да осы әңгіме төңірегінде бір басылымдарға берген сұхбатын оқыдық. Ел сөзі шындыққа жанасатын сияқты. Бұған сіз не айтасыз?

- Мен біраз уақыттан бері еліміздің бірнеше қалалары мен аймақтарында гастрольдік сапармен жүрдім. Арасында өздеріңіз куә болып отырғандай, киноға да түсіп жатырмын. Ал Сырым өз алдына бейнебаян түсіріп, киноға түсіп, еліміздің басқа аймақтарына гастрольдік сапармен болып қайтты. Осылайша, екеуіміздің бір сахнада бірігіп ән айтпағанымызға біраз уақыт болды. Мен Сырыммен ешқашан ренжіскен жоқпын, оған ешқандай өкпем де жоқ. Сондай-ақ, ел айтып жүргендей біз бөлінген де жоқпыз. Ал басылымдардағы мақалаларға келер болсам, мен өзім оқымасам да, кейбір журналдардың бізді жамандап шығарыпты дегенін естіген болатынмын. Бірақ, сол журналдардың артық сөзді қатты қосып жазатынын да білемін. Сондықтан да, мен ешкімге сенбеймін. Мен Сырымды өзімнің бауырым ретінде көремін, оны өмірлік досым деп есептеймін.

-Гастрольдік сапарларда болсын, халық сізді көпшілік жерде көргенде қалай қабылдап жатады?

-Аллаһқа шүкір, күні бүгінге дейін өткізген өзімнің жеке шығармашылық кештерімнің бәрінде де зал лық толы отырады. Тіпті кей жерлерге барғанда екі-үш рет қайталап концерт беретін кездерім де болады. Бүгінде «дағдарыс, дағдарыс»- деп айтып жатыр, дегенмен, сол дағдарысқа қарамай-ақ, концертке қандай баға қойылса да келіп, әнімізді тыңдап, өнерімізді тамашалап жатыр. Әрине, бұл менің өнерімді бағалап түсінетін, әндерімді тыңдайтын өз көрерменімнің бар болғандығы деп ойлаймын. Сондықтан, мен еш уақытта шаршамай-шалдықпай, халық үшін еңбек етуім қажет. Сол үшін ең болмағанда әр ай сайын жаңа әндер жаздырып, жаңа бейнебаяндар түсіріп тұрамын. Жұмысымды еш уақытта тоқтатпай, шығармашылығымды әрі қарай шыңдай бергім келеді. Халыққа жеке кештерімді берген кезде, өзімнің өмірбаяным туралы айтып, тыңдармандарыммен бірге қызықты оғиларыммен бөлісемін. Халықтың ішінен көрермендерімді сахнаға шығарып түрлі ойындар ұйымдастырып дегендей, әрбір өткізген концертімді қызықты етіп өткізуге тырысамын.

-Қайрат, осындай алып мұхит - өнерге қалай келдіңіз?

-Осы уақытқа дейін мені өнер жолында сүйрелеп жүрген негізгі жанашырым - анам. Ол кісі мені он жасымнан бастап, қолымнан жетектеп жүріп «Шаншар», «Әнші балапан» сияқты үлкен сахналарға шығарып, менің өнерімді халыққа көрсетуге аянбай, өзінің бар күшін салды. Ал енді мен бүгінде өнердегі продюсерім өзімнің анам болғанына өте қатты қуанамын. Өйткені, мені осындай дәрежеге көтерген - анам, Сырымды да өз дәрежесіне көтерген менің анам. Мен мұны кімнің болсын бетіне басып айта аламын. Менің бүгінгі таңда «ел танитын, халық сүйетін Қайрат» болып жүргенім де, осы анамның арқасы. Еш шаршамай, концерттен концерт қойып, барлық жұмыстарды өзі атқарып келеді. Менікі жақсы әндерімді жүрегіммен орындап, оны тыңдармандарымның жүрегіне жеткізу. Ал қалған еңбектің барлығы - тек қана менің анамның еңбегі екенін, атап айтқым келеді! Ата-анама айтар алғысым шексіз!

-Ал бүгінде, ата-анаңыздың сізге артқан үмітін, сенімін қаншалықты ақтап жатырмын деп ойлайсыз?

-«Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың» - демекші, мен әке-шешемнің алдындағы балалық парызымды ешқашан өтей алмайтын шығармын. Әрине, ата-анамды разы ету үшін қолымнан келген дүниені аянбасым хақ. Бірақ, сыйластық- тек қана алған бергенмен өлшенбейді. Ал менің ата-анама деген махаббатым мен шексіз сүйіспеншілігімді сіздерге сөзбен айтып жеткізе алмаспын. Мен бүгінгі таңда сіздердің алдарыңызда қандай адам болып қалыптассам- бұл тек қана менің ата-анамның маған жасаған еңбегінің арқасы деп білемін. Бірақ, мұның өтеуі ретінде менің қолымнан келетін бір ғана дүние бар. Ол - бұл өмірге мен адам болып туылған соң, мен әрқашан да солай, адам қалпымда қалуым керек. Бойыма тек қана жақсы қасиеттерді жинап, адамгершіліктің биік шыңына жетуді мақсат етуім керек. Тек ата-анамның баласы болып қалмай, халықтың да ұлы бола білуім керек. Бәлкім, сонда ғана, мен анамның ақ сүтін ақтайтын шығармын…

-Қайрат, қарап отырсақ, сіздің әндеріңізді көпшілігі махаббат жайлы. Әндеріңізді тапсырыспен жаздырасыз ба, әлде сізге ақын-композиторлар өздері ұсынып әкеліп жата ма? Әндерді қаншаға сатып аласыз?

-Әр кезде әрқалай. Кей кездері өздері ұсынып, әндерін тыңдатып жатады. Егер ән ұнап жатса, онда аламын. Ол кездері, бағасын сұрасам, «бергеніңді аламын» деп жауап беретіндер болады. Рахметіңді айтып, еңбегін бересің. Ал, сондай-ақ, менің репертуарымдағы әндерімнің көпшілігі Бауыржан Есебаев ағамыздың әндері екенін атап өткенім жөн болар. Ол кісіге айтар алғысым зор. Ән жазу да өнер. Ол да өз алдына еңбек. Сондықтан, мен танымал композитор болсын, немесе танымал емес жас композиторлар болсын, кімнен ән алсам да- ешкімнің еңбегін жемеймін, ақысын автор разы болатындай етіп төлегенді дұрыс санаймын. Және де, әрбір жаңа әнге үлкен ыждаһаттылықпен көңіл бөліп, оны жүрегіммен орындағанды ұнатамын. Себебі, мен халыққа өз орындауымдағы әдемі әндерім арқылы ғана жол таптым. Мен мұның бағасын білемін.



-Қайрат, балалық шағыңыз туралы айтып өтсеңіз..?

- Аллаһқа мың шүкіршілік етемін, мен осы уақытқа дейін қиыншылық көрмеген адаммын. Әрине, қиыншылықтар басымнан өтпей-ақ қойса деп тілеймін. Ал енді, балалық шағым тәтті балалығыққа тән өз қызықтарымен өтті. Әке-шешем бізді ешкімнен кем қылмай өсірді. Есімде қалған бір дүние- бала күнімде ойыншықтарым өте көп болатын. Ешкімде жоқ әдемі ойыншық мәшинелер де менде болатын. Аллаһқа шүкір, балалықтан есейген шағымда 17 жасымда ең алғаш көлік мініп қалада жүрдім. Студенттік кездерім де қызықты өтті. Жігіттер арасындағы төбелестерде біреулерді ұрдық та, біреулерден таяқ жедік те. Бірақ, оның барлығы жай ғана сол шақтарда елес болып қалып кететін дүние екен. Әйтеуір адамдық ниетіміздің түзулігінен шығар, ештеңеге соқтығыспадым, қатты қақтығыстарға ұрынған жоқпын. Ал қазір, балалығым есіме түссе, өткен шақтың бір тәтті қиял елесіне енгендей боламын.

-Ал өмірдің мәні неде деп ойлайсыз?

-Бізге берілген аз ғана ғұмырымызда ұрсыспай- қырылыспай өмір сүріп, әке-шешемізді барынша сыйлап, өзіңнің өмірлік жарыңды құрметтеп, оны сүю, ешкімнен кем қалдырмай оның жағдайын жасау, інілеріңе дұрыс ақылыңды айтып, оң жолға салу- яғни бір сөзбен айтқанда «Үлкенге құрметті, кішіге ізетті» болсаң, өмірде қор болмайсың деп білемін. Ал өнер адамы ретінде, халықтың алдында әрдайым биік абыройлы адам болғым келеді. Мен үшін өмірдің мәні осы.

-Өз сөзіңізде «Өмірлік жарыңды құрметтеп, оны сүю…» деп қалдыңыз. Жеке өміріңіз туралы ашып айтатын уақытыңыз келген сияқты?

-Ол құпия (күліп).

-Құпияңызды неліктен ашқыңыз келмейді? Әлде тыңдармандарыңызды жоғалтып аламын деп ойлайсыз ба?

-Жоқ, мен олай ойламаймын. Менің жеке өмірім жайлы білсе де, білмесе де- өнерімді бағалайтын халық, әндерімді ұнататын адамдар бар. Мен үйленіп кетсем де менің әндерімді тыңдайтын адам тыңдайды, ал тыңдамайтын кісі тыңдамайды. Ал өзім әрқашан да шын ниетіммен халыққа қызмет етуді тоқтатпаймын. Мен халықты жақсы көремін, және де мені көтерген халықтың көңілінен шығуға барынша тырысамын. Ал жеке өмірімді, мен үйленгенмін ба, үйленбегенмін ба, оны мен және менің отбасымнан басқа анық ешкім білмейді. Ол жағы құпия (күліп).

-Жеке өміріңізге байланысты құпияңызды ашпадыңыз. Бұл арқылы сіз өзіңіздің жанкүйерлеріңізге қандай да бір үміт беріп отырған жоқсыз ба?

-Жоқ, олай ойламаймын. Себебі, халық менің өзімді емес, өнерімді сүйсе деймін. Бұл менің бар қалауым. Менің жүрегім жалғыз. Мен оны бір ғана аруға ұсына аламын. Егер де жүрегім көп болса, онда барлығына да бөліп берер едім. Бірақ, олай емес. Сондықтан, менің тыңдарманым менің өзімді емес, тек қана менің өнерімді сыйласа екен деймін.

-Жалпы ер азаматтардың темір тұлпарға жақын келетіні рас. Ал сіз көлікке қаншалықты қызығасыз? Оның үстіне 17 жасымнан бастап көлік айдадым деп отырсыз..?

-Менің темір тұлпарға деген қызығушылығым өте зор. 17 жасымда әке-шешем маған көлік алып берді. Менің көлік айдау куәлігім болмаса да мәшинемді қала көшелерінде өзім айдап жүрдім. Қазір де өзім айдаймын. 18 жасқа толғанша мені ешқандай МАИ қызметкері ұстап көрген емес. Мүмкін, бұл бағым бар шығар, оны өзім де білмеймін. Әйтеуір үнемі менің алдымда келе жатқан көліктердің барлығын тоқтататын да, мені тоқтатпайтын. Соған риза болатынмын (күліп). Ал куәлік алғаннан кейін, менде сенімділік пайда болып жол ережесін бұза бастадым ба білмеймін, МАЙ қызметкерлері көлігімді тоқтата бастады. Әрине, бұл да ол кісілердің жұмысы ғой. Дегенмен, алғыс айтып өткім келеді, кейде жүзімді танығандары жіберіп жатады.

- Қазіргі көлігіңіздің маркасы қандай?

-Қазіргі көлігім - Лексус JS 300. Мен мерседесті де, джипті де айдадым. Бірақ солардың ішінде ең қызығып, ұнатып алған көлігім осы Лексус. Аллаһ қаласа мұны да біраз айдаймын деп ойлаймын. Бірақ, шынымды айтсам, есейгендіктің белгісі болар, көлікке дегенмен бұрынғыдай аса қызықпайтын болып келемін. Кейде өзіме сай көлікке мініп жүре беремін.

-Ал жанкүйерлеріңізден шаршаған сәттеріңіз болды ма? Оның ішінде күндіз-түні телефон соғып, үздіксіз мазалайтындары да бар…?

-Иә, өте қатты мазалайтындары бар. Біреулеріне түсіндіріп айтып жатасың, ал кейде, шыны керек, ашуланып, қатты ұрысып тастайтын кездерім де болады. Әсіресе қыздарға! Себебі, олар менің телефоныма қоңырау соғады, тұтқаны көтеріп жауап берсең, тұтқасын тастай салады. Содан кейін қайта звондап: «Бұл Қайрат па?» - дейді, ал арғы жақтарынан мектептегі балалардың у-шу дауысы естіліп жатады. Сондай-ақ, телефонның даусын шығарып қойып, мектептің қыздары арғы жағынан күліп, мазақ қылатындары да болады. Ал ондайда жөн сөз айтып сабырлылық танытайын десең, одан сайын қайта-қайта қоңырау шалып, телефонға маза бермейді. Сондай сәттері қатты ұрсып беруге тура келеді. Бірақ, қанша ұрыссаң да, одан түк пайда жоқ екен, бостан-босқа өз абыройыңды түсіріп алады екенсің. Сондықтан қазір ондай қыздармен ұрыспайтын болдым, қазір жақсы болды. Себебі, керек адамға өзім қоңырау шаламын да, керек емеске тұтқаны қоя саламын. Телефонымның сырттан қоңырау қабылдау функциясын өзгертіп тастадым.

- Қайрат, ақшаға қаншалықты жақынсыз? Адамдар әр түрлі келеді емес пе? Ақша қолына тисе, қалтасында тұрмайтын немесе өте үнемшіл, үнемі үнемдеп жүретін адамдар бар. Сіз өзіңізді осы екі топтың қай қайсысына жатқызасыз?

-Менің қолымда ақша тұрмайды (күліп). Мысалы, бүгін менің қолымда жиырма мың теңге болса, ол ақша осы бүгін-ақ жоқ болып кетеді. Елу мың теңге болса, ол да жоқ болып кетеді. Барлығын да бір күнде құртып қоямын, қайда , қалай жұмсайтынымды, неге жарататынымды өзім де білмей қаламын. Сондықтан да, үйдегілер маған көп ақша ұстатқызбайды. Тойдан, концерттен түскен ақшаның, әйтеуір тапқан табысымның өзіме жететінін аламын да, қалғанын бірден үйге беріп жіберемін. Себебі, оның барлығы қалтамда жүретін болса, мен оны тым тез жаратып қоятынымды білемін. Өзім де сол себепті көп ақшаны ұстамағанды жөн көремін. Одан да ол ақшаны анама беріп, отбасыма өз пайдамды тигізгенімді дұрыс деп ойлаймын.

-Өзіңіздің әріптестеріңізден, қазақ эстрадасындағы әншілерден кімдерді тыңдайсыз?

- Біздің қазақ эстардасында өте талантты, дарынды әншілер көп. Солардың барлығын да тыңдаймын. Атап айтар болсам, қоңыр дауыстылардан Мейрамбек Бесбаев, Саят Медеуов, Тоқтар Серіков, Нұрлан Өнербаев сияқты ағаларымызды, Еркін бауырымның әндерін тыңдаймын. Әлі есімде, бала кезімде «Тоқтар, Саят ағаларымыз сияқты ел алдында концерттерімді беріп, солар шыққан сахнаға мен де шықсам екен» қатты деп армандайтынмын. Аллаһқа шүкір, сол арманым бүгінде орындалып жатыр. Сондықтан да, мен осындай дарынды ағаларымызды әрдайым сыйлап, құрметтеуге міндеттімін.

-Дене пошымыңызға қарасам, нәзік жігіт сияқты көрінесіз. Спортпен айналысасыз ба?

-Иә, кезінде спортпен айналысқанмын. Таэквандодан тіпті қызыл белбеуге дейін жеттім. Күреспен де екі жылдай айналыстым. Қазір шахматпен айналысып жүрмін. Көпшілігі түсінбей, шахматтың спортқа қандай қатысы бар деп ойлауы мүмкін. Дегенмен, шахматта физикалық жаттығулар болмағанымен, ол адамның ойлау қабілетін жақсартады.

-«Жұлдызбен сырласу» журналына лебізіңіз?

-Аллаһ Тағала бастарыңызға бақ берсін! Журналдарыңыздың таралымы көбейе берсін!

Салтанат Құмабекова

«Жұлдызбен сырласу» журналынан
Категория: Сұхбаттар | Добавил: Batman
Просмотров: 10688 | Загрузок: 0 | Комментарии: 14 | Рейтинг: 4.0/3
Всего комментариев: 131 2 »
13 жасулан  
0
kairat aga men sizben kezdesydi armandaimin men 7wi sinipta okimin atim jasulan men uimde kompti kosip olenizdi aitamain

12 жасулан  
0
kairat aga men sizdin olenderinizdi katti jaksi korem kyn demei tyn demei tindaimin batis kazakstan janakala ayilina kelesizbe

11 райхан  
0
МЕН СИЗД СОЛ КОНСЕНРТЕ КОРЕ АЛМАДЫ ТАГЫ КЕЛЕ АЛМАСЫЗ БА

10 райхан  
0
мен сиздын жаксы корем сиз таразга тагы келинш отинем

9 саяна  
0
қайрат аға сиздин 2 кызыныз шынымен бар ма........................

8 МАРЖАН  
0
Қайрат салем сені ажырасты деп естіп жатырмыз сол рас па?????????? сосын Таразға енді қашан келесін??????? өзіңді және әндеріңді жақсыыыыыыы көрем:)) :-*

7 Айкоркем  
0
Кайрат! Сизд!н андериниз оте катты унайды!!!!!

6 EImira  
0
men sizdi jaksiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiii koremgo

5 РИЗАГУЛ  
0
кАЙРАТ нУРТАС МЕН СИЗДИ КАТТЫ ЖАКСЫ КОРЕМИН!
!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

4 РИЗАГУЛ  
0
Қарат Нуртас сиз менин ен суйікті аншимсиз.Сиздин андериниз маган катты унайды.Жумысыныз иске аса берсин.......АЛЛАМ ЖАР БОЛСЫН!

1-10 11-13
Имя *:
Email *:
Код *:

сайт топтары
Сұхбаттар [10]
Клиптер [0]
Әндер [0]
Ән жазулары [0]
кинолар [0]
Жаңалықтар [1]
Біздің чат
Біздің сұрақ
Сізге қандай сайт ұнайды
Всего ответов: 163
Санақ

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0