a
-Сәкен аға, қазіргі сіз қатысып жүрген «Екі жұлдыз» жобасына қалай шақырылдыңыз?
-Бұл ұсынысты Мейрамбек екеумізге осы жобаның продюсері Динара Адам жасады. Алғашында біз екеуміз де «шықпаймыз» деп, қарсы болғанбыз. Өйткені, біріншіден, біздің жұмысымыздың көптігін айттық. Екіншіден, халықтың өзінің бізге деген сүйіспеншілігі, махаббаты бар, бізге жарнаманың керегі жоқ деп айтқанымызда, олар ренішін білдірді. «Осы қазақтың әншілеріне келгенде осылай бастайсыңдар, бізде шоу-бизнес дамымайды дейсіңдер, сөйтесіңдер де артқа қарай тартасыңдар», деп наз айтқаннан кейін, біз шын мәнінде «неге қатысып көрмеске?» деп тәуекел еттік. Бірақ қайта-қайта жұмыс істеп жатқан жерімізге келіп, міне, осындай жоба болады, ұят болмайды, түсірілім болады, қаншама ауылдағы, елді-мекендердегі, шалғайдағы, сіздерді теледидардан көргісі келетін адамдар көреді дегеннен кейін, «неге
...